Астанада интим фотосет жасаған қыз желіні тағы шулатты (ФОТО)
2017 ж. 13 наурыз
3615
0
Астанада интим фотосет жасаған қыз видео үшін тағы да шешінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы ол техникалық қызмет көрсету орталығын жарнамалаған. Ролик Facebook желісіндегі ЖАҒА ҰСТАТТЫ тобында жария болды.
Кадрлардан қыздың ішік және ішкиім кигенін көруге болады. "Сәлем. Фотосессияны барлығыңыз көріп, талқыладыңыздар. Менің жігітім көлігінің алдында суретке түсуді ұсынды. Мен келістім. Сенің көлігіңдей емес...", - дейді ол видеода.
Еске салайық, осыған дейін қыздың интим суреттері Астананың тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында түсіріліп, Интернетте тарап кеткен еді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұған қатысты қызу пікірталас ұйымдастырып, ал кейін қызға 22 690 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.
Ал кейін суретті оның жігіті байқаусызда таратып жіберген болып шыққан. Өзін Айгерім деп таныстырған қыз кейін аяз күні неліктен шешінгенін түсіндірген еді.