Назарбаевтың ешкім көрмеген отбасылық суреті табылды (фото)
2017 ж. 25 қаңтар
4236
0
Павлодар облысының дін істері бойынша басқарма басшысы Дәулет Закарьянов Нұрсұлтан Назарбаевтың 1970 жылы түсірілген отбасылық суретін жария етті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

"Сурет досым Арман Алиннің альбомынан алынды. Суретті 70 жылдардың аяғында Баянауылда түсірген. Нұрсұлтан Назарбаев отбасымен бірнеше күн бойы Арманның ата-анасында қонақта болған. Арманның әкесі Ысқақ Алин суретте Назарбаевтың қасында отыр. Ысқақ ол кезде мектеп директоры еді. Ал суреттегі Арманның тәтесі Камила Сара Алпысқызының қасында сол жақта тұр". - дейді ол.
Айтуынша, Ысқақ Нұрғалиұлы белді ұстаз әрі Ұлы отан соғысының ардагері болған. Назарбаевпен бірге Баянауыл ауданының тумасы, академик әрі Әлеуметтік еңбек ері Әбілқас Сағынов та келген.