Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты

Қазақстандықтар Астана көшелерінде бой көтерген Expo-2017 көрмесіне арналған мүсіншелерді жақтырмай қалды. Желі қолданушылары "оларды талғамсыз" деп сөгіп тастады деп жазады NUR.KZ.

Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты (фото)Астана көшелерінде Expo-2017 мүсіншелері пайда болды. Олар күн, су және жердің белгісі ретінде орнатылған. Қуыршақтарға берілген есімдер, сәйкесінше, Сәуле, Мөлдір және Қуат.
Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты (фото)

Әлеуметтік желілерде олардың суреттері пайда болуы сол-ақ екен, қазақстандықтар тарапынан сын айтыла бастады. Оларды "қорқынышты" деп атап, "Чаки" қуыршағына теңегендер де табылды.

"Оларды кім бекітіп жүр екен? Олар тіпті де сүйкімді емес. Неге үнемі осылай елге мазақ боламыз да жүреміз?", - деп наразы болды желі қолданушысының бірі.

"Қорқыныштысын-ай, бұл не мазақ? Олар қазақтарға емес, орыс ертегілеріндегі "Баба-Яга" кейіпкеріне ұқсайды", - дейді aliyamuslim есімімен тіркелген бойжеткен.

Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты (фото)

"Сұмдық, бұл шындық болуы мүмкін емес", "Автор бірдеңе шегіп барып, жасаған ба?", "Кукла Чаки - бұл сенбісің?", - деп жазады әлеуметтік желілер қолданушысы.

Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты (фото)

Кей желі қолданушысы бұл қуыршақтарды "масқара" деп атап, оны қайта жасауды талап етті:

"Өте сүйкімсіз. Бұлай масқара болудың қажеті не? Өтінеміз, қайта жасаңыздаршы".

Маскоттарды Бәйтеректің, Экспо-2017 кеңсесінің алдына және Орталық саябақ маңына орналастырған.

Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты (фото)