Астанада елiмiздiң бас шыршасы жағылды. Жылда Елбасы өзі жағатын бас шыршаны биыл қала әкімі жақты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Елбасы биыл еліміздің бас шыршасын жаққан жоқ (ФОТО)
2016 ж. 18 желтоқсан
2699
2
Бас шырша Хан-Шатырдың жанындағы мұз қалашығында орналасқан. Шыршаны қала әкiмi Әсет Исекешев жақты.
Шара барысында мерекелік бағдарламадан басқа, Астана тұрғындары мен қонақтары жаңа жыл қарсаңындағы отшашуды тамашалады.
Сондай-ақ, бүгiн елiмiздегi ірі мұз қалашығының ашылуы өттi.
Жылда жаңа жыл мерекесінің тасасында қалып келген Тәуелсіздік күні мерекесі биыл ғана өз деңгейінде аталып өтілді. Бұл үрдіс бұдан кейін де жалғасын табар болса, ел рухын көтерер игі шара болары сөзсіз.
Айта кететін бір жай, соңғы бірнеше жылдан бері Шымкент, Қарағанды қалаларының әкімдері қалалық бас шыршаны Тәуелсіздік мерекесінен кейін жағып келеді.
Фотолардың авторы - Бауыржан Жуасбаев