«Ақ жолмен» жолымыз бір» автошеруі ұйымдастырылды (фото)
2016 ж. 11 наурыз
2263
0
«Ақ жолдың» туын желбіреткен 30 шақты автокөлік тізбегі партияның Орталық кеңсесінен шығып Астана көшелерінде шеру жасады. Аталған шеру партияның сайлауалды штабының үгіт-насихат шаралары аясында ұйымдастырылды. Автошеруге Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Азат Перуашев, Қазыбек Иса, Серікбай Тәшенов, Берік Дүйсембинов, Мақсат Раманқұлов, Асқар Смағұлов, Меруерт Қазбекова, Әбдіразақ Сұлтанов және партия басшылығы мен «Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалының белсенділері қатысты. «Мұндай автошеруді біз өткен сайлау науқанында да өткізіп, бұл дәстүрге айналды. Біз халқымыздың келешегі жарқын болғанын қалаймыз. Сондықтанда, осындай «Ақ жолмен» жолымыз бір» деген қазақстандықтарға арналған игі тілекпен автошеруімізді бастап отырмыз», - деп атап өтті Азат Перуашев.
Мақаланың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді