Винокуровтың алтын велосипеді (фото)
2016 ж. 05 ақпан
2244
0
© Сyclingweekly.co.uk
Велоспорттан Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров өзінің алтын велосипедін көрсетті. Спортшы суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Дубайға өзімнің "алтын" Вино-велосипедімді әкелдім. Қазақтың оюлары салынған велосипед толығымен қолдан жасалды. Мұндай велосипедтің алғашқысы жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылыққа берілген еді. Мұндай велосипедтің иесі болу - жоғары мәртебенің белгісі", - деді "Астана" велокомандасының бас менеджері.
© Іnstagram.com/alexandrvinokurov
Винокуровтың алтын велосипедін ұлыбританиялық Cycling Weekly басылымы да жариялады.

