Сіз тұратын көше атауы кімнің құрметіне қойылғанын білесіз бе?!.
2015 ж. 07 желтоқсан
9116
0
Жақын күндері біздің редакция Алматы қаласындағы көшелер кімдердің аттарына байланысты қойылғанын тұрғындар біле ме екен деп сауалнама жүргізген едік. Нәтижесі қуантарлық болып шықпады: көпшілігі кімнің құрметіне қойылғанын білмейтін болса, кейбіреулері ол ақпараттарға қызығушылық білдірмейтінін аңғартты. Ал жауап бергендердің көпшілігі аттарын ғана атап, ал оның қоғамға сіңірген еңбегі туралы білмейтін болып шықты. Біз осы жағдайды түзегіміз келеді, сол себепті атақты адамдардың өмірі мен шығармашылықтарына арналған репортаждар желісін шығарып отыруы жөн санадық. Ал олар туралы сол кісілердің жақын адамдарынан сұрауды жқн көрдік. Осылай жасасақ ақпараттар шынайы және қызықты болатынына сенімді болдық. Бірінші кезекте халық ақыны және жазушысы Сырбай Мәуленовтің құрметіне берілен Мәуленов көшесінің тарихымен танысқымыз келді. Оның шығармашылығы мен өмір жолы туралы ақынның ұлы Қасым Мәуленов айтып берді.
Мауленова — кішкентай, үзік-үзік көше. Ол Алмалы ауданында, Наурызбай батыр көшесі мен Сейфуллин даңғылының ортасында орналасқан. Тыныш, жайлы, тыныштық пен сабырлықтың желі есіп тұратын көше. Көшенің бұрынғы аты - интернациональная.
Сырбай Мәуленов — ақын, Қазақстан халық жазушысы, Александр Фадеева сыйлыңының және Абай атындағы мемлекеттік Қазақ ССР сыйлығының лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан, оның ішінде Ленинградты құтқару бриғадасында болған. "Қазақ әдебиеті" газетінің, "Жұлдыз" журналының редакторы болған. Көптеген өлеңдердің, жыр жинақтарының авторы. Байронның, Гетенің, Мицкевичтің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Блоктың, Буниннің және Некрасовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қасым Мауленов, заң ғылымдарының докторы, профессор, Сырбай Мәуленовтің ұлы. Қасым Мәуленовтің өзі бізге белгілі ақын әкесі туралы әңгімелеп береді, біз осыдан кейін қазақ ақыны туралы кеңірек біле түсеміз деп ойлаймын.
—Менің әкем - Қазақстанның халыө жазушысы, Ұлы Отан соғысындағы кеңес батырларының ерліктерін жазған жазушыларға берілген Александр Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты.
— Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Торғай ауылында, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.Ол қазақ халқы үшін ең ауыз кезеңде дүниеге келген. Бұл кезеңде қазақ даласын жұт жайлап, аштық пен қиыншылықтың кезеңі болып жатқан. Менің атам Мәулен қарапайым етікші шаруа болған. Әкем отбасында жалғыз ұл болған. Елде тамақ тауып жеуге шама болмай жатқан кезде, етік немесе киім тіктіруге екінің бірі келе бермеген. Содан жұмыс таппаған соң олар басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болған.
— Менің атам мен апам Қызылордаға кетеді. Осы жолда, Сырдария өзенінің бойында менің әкем Сырбай Мәуленов дұниеге келген екен. Әкеме осы бір асау өзеннің аты, өмірі өзендей ұзақ болсын, тек алға қарай жүзсін деп қойылған екен. Осылай Мәулен атам мен Алмагүл апамның отбасында болашақ ақын, 16 жасында алғашқы кітабын жарыққа шығарған ұл туылыпты. Менің ойымша, әкем ең алдымен мейірім мен махаббатқа толы тәрбие берген ата-анасына алғыс айтуы керек деп ойлаймын. .
— Оның мектептегі жылдары Қызылордада өткен. Ол маған, жас кездерінде өте қиын жағдайда өмір сүгендерін, ақша өмірі жетіспегенін, адамдардың әр түрлі болатыны туралы айтып отыратын. Көп ұзамай оны Қызылорда педагогикалық университетіне тіл мен әдебиет факультетіне оқуға қабылдайды, сол жерде ол өзінің ақындық қабілетін шыңдайды.
Ұлы Отан Соғысы басталмастан бір жыл бұрын, 1940 жыл Сырбай Мәуленовті әскер қатарына шақырады. Оны Сібірге, Оралға, яғни Свердловк қаласына, қазіргі Екатеринбург қаласына жіберелді. Онда барғаннан кейін Сырбай қатты ауырып, оған әскер қатарына жарамсыз деген ақ билет беріп үйіне қайтарады. Бірақ, көп ұзамай соғыс басталады,ол өз еркімен соғысқа барамын дейді, оған ешкім кедергі келтірмейді. Соғыс майданында адам жетіспей жатқанда, адамдардың барлығы өз еріктерімен Отандарын қорғауға аттанып жатқанда, Сырбайға да ақ билет кедергі болмайды. Шұғыл түрде Мәуленовті Ростов-на-Донуға жеті айлық офицерлер шебіне курсқа жібереді. Ол оқуын жоғары көрсеткішпен аяқтап, офицер дәрежесін алады.
1941 жылы жас офицерді, Ленинград қоршауын қорғауға Волховский майданына жібереді. Одан кейінгі екі жылын ол сол майданда өткізеді. Атқыштар ротасы командирінің орынбасары, кейінірек саяси жетекші қызметтерін атқарады. 1943 жылы 17 қаңтарда әскер қоршауды алып Ленинградты арашалап алады. Ұрыста Сырбай Мәуленов қатты жарақат алып, сол қолынан айырылады.
— Жарақаттан кейін әкем оң қолынан айырылып, комиссияға жіберіледі. Бірақ, бұған дейін Отанын қорғай жүріп талай өлеңдер жазады.
Как буерак степной - неровен, долог. Так на руке, на левой - шрам немой, А в правой, словно огненный осколок, Все рыщет карандаш бессонный мой.Сырбай Мәуленовтің шығармашылығында соғыс лирикасының орны бөлек. Бітпес қайғы-мұңның, үйіне қайтпай қалған солдаттардың өкініші, Отанға деген шексіз мақтаныш пен сүйіспеншіліктің жолдары ашық та шынайы жазылған өлеңдеріне табылады.
Мұхтар Әуезовтің сөздері оның шығармашылығын дәл жеткізіп тқрғандай:
«Сырбайдың өзіне ғана тән қысқа жырларында өзінше әдемілік пен нәзіктік бар. Олар күйшінің домбырасынан шыққан, жан-дүниеңе күй секілді еніп кететін, сенің көңіл-күйіңді алабұртып әкететін нәзік күй секілді."
— Майданда жүргенде әкем кеңес әдебиетінің классигі Николай Тихоновқа хат жазыпты. Барлық офицерлер мен солдаттар оған жауап келмейді деп мазақ етіпті. Дегенмен, бір айдан кейін әкем көптен күткен хатына жауап алыпты. Онда: "Мен жап-жас қазақтың ақыны қолына қару алып, біздің сүйікті Ленинградты қорғап жүргеніне қуаныштымын. Біз сізбенен қоршаудан босатылған қалада кездесіп, фашизммен болған соғыс туралы өткен шақта әңгімелеп, өлең оқып отыратын боламыз" деп жазылған екен. Әкем сол кішкене қағазға жазылған хатты соғыс жылдары төс қалтасында сақтап жүріп, үйге алып келіп, өмірінің соңына дейін сақтады.
— Соғыс аяқталғаннан кейін, Мәскеу қаласында сол заманның бүкіл әдебиет классиктері жиналған қазақ әдебиеті мен өнерінің апталығы өтеді. Қазақстаннан жазушылар мен ақындардың делегациясы аттанады. Олардың ішінде Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин және жас ақын Сырбай Мәуленов болады. Олардың барлығы теплоходта кетіп бара жатады, сол теплоходта Николай Тихонов та болады. Әкем оның қасына баруға батылы жетпей отырады. Ол Мұхтар Әуезовпен әңгімелесіп отырғандықтан, оларға кедергі жасауға ыңғайсызданады. Ол бәрібірде екеуінің әңгімесі аяқталғанын күтіп, оған жақындап барады: "Николай Тихонов, мен баяғы сізге хат жазған солдатпын" дейді.Тихонов орнынан тұрып, оны құшақтап, көргеніне қуанып, алғыс айтып, кітабын сыйға тартыпты. Сол бір сәт өте әсерлі болды, дейді.
— Әкемді әскер қатарынан босатқаннан кейін, ол өзінің Отаны Қостанайға оралады. Оны облыстық қазақ газетіне корреспондент болуға шақырады. Әкем көрші совхоз, колхоздардың еңбек ардагерлерінен сұхбат алу үшін, оған 10-15 км жаяу жүруіне тура келетін кездер болыпты. Бірақ ол оған сонда да ұнайтын.
— Әкем мен анам жеті балалы болыпты. Өкінішке орай, қазір олардың төртеуі ғана қалдық. Қалай болғанмен де, мен ата-анама бізге керемет білім бергендері үшін өте ырзамын. Мен оларды әрқашан мақтан тұтамын. Барлық балалары аспиратурада оқыды, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғады, балаларының үшеуі қазір профессор. Біз әрқашан ата-аналарымыздың үмітін ақтауға тырыстық. Ата-анамызға бізді еңбектенуге үйреткендері үшін ризамыз. Біз жер аудардық, еден жудық, студенттік құрылыс отрядтарында да болдық.
Менің жеті балам бар, Жеті арқа тірер асқарым бар. Менің жеті далам бар, Менің жеті аспаным бар. Мен жыласам - жеті жер бір жылайды, Мен құласам - жеті аспан бір құлайды. Жеті жүрек, құласам, әлсіз соғып, Жеті жанар тұман боп бұлдырайды. Ажал шіркін берсе де бір күн елес, Маған батып келуі мүмкін емес. Жеті жүрек өлуі мүмкін емес, Жеті жанар сөнуі мүмкін емес.— Мәуленов көшесі де үлкен тарих. Бұл бұрынғы Интернациональная көшесі. 1992 жылы 70 жасқа толғанда әкем дүниеден өтті. Ол жол апатына түсті. Ол келе жатқан машина Камаз көлігіне соғысады. Камаздың жүргізушісі түнде шөп ұрлап әкеле жатып, жарықтарын қоспапты. Осындай ыңғайсыз жағдайда менің әкем қаза тапты.
— 1993 жылы 22-қарашада министрлер Кабинетінің "Халық жазушысы Сырбай Мәуленовті мәңгі есте қалдыру" туралы қаулысы шықты. Қазақстанның төрт қаласында оның атына көше берілді, Алматыдағы - Интернациональная көшесі Сырбай атына ауыстырылды.Қостанайда Промышленная көшесі, арқалықта Комсомольская көшесі, Қызылордада Калинин көшесі ауыстырылды. Үш мектепке де мақтанышты түрде әкемнің есімі берілді. Біз барлығымыз өзіміз қатысып, естелік тақталарын аштық.
— Интернациональная көшесін ауыстыратын кезде, жасыратыны жоқ, біз қарсыласқандармен де кездестік. Көбісі, неге біз әлемдік интернационалға тиісеміз деді. Мен оларға: "Неге мысалы Ұлыбританида Шекспир мен Байроннығ, АҚШта - Джефферсонның, Вашингтонның атындағы көшелер бар? Біз де өзіміздің батырларымыздың атын даңұты етуіміз керек. Бұл біз бен сіздің тарихымыз" деп жауап бердім.
— Мәуленов көшесі былайынша кішкентай ғана, бірақ мен үшін ол әлемдегі ең үлкен даңғыл, менің қасиетті орным. Біз сол көшедегі №129 үйде 25 жыл тұрдық. Ол ерекше үй, жазушылар үйі. Ол үйдің қабырғалары, сол үйде тұрған атақты ақын-жазушыларға арналып ілінген мемориалды тақталарға толы. Олар, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Әбу Сәрсенбаев, Әбділдә Тәжібаев, Әнуар Әлімжанов, Қуандық Шаңғытбаев, Сафуан Шаймерденов, Жамбыл Жабаевтың жеке хатшысы Қасым Тоғызақов.
— Жалпы, Алматының орталығы - тарихи орын. Мен Төлебаев, Қонаев, Байсейітова көшелерімен қыдырғанды жақсы көремін. Мен сол көшелермен жүрген сайын, оларға жақсындай түскендей боламын. Олар тарихқа, мәдениетке, ғылым мен өнерге еңбектері сіңген қайраткерлер. Мен жастарға, осы көшелермен көбірек жаяу жүріңдер, ғалымдарға, ақындарға, суретшілерге ілінген мемориалды тақталарға көз салыңдар дер едім. Ондай адамдар жүз жылда бір-ақ рет туылады. Олар біздің көркіміз, мақтанышымыз. Жастар кез-келген көшенің кімнің атына қойылғанын білулері тиіс. Олар жайдан-жай берілген жоқ қой. Егер, бұл аттар жай ғана айтылатын, дауысталатын сөз ғана болып қалса, халық үшін ең сорақысы осы.
voxpopuli.kz