ӨМІРЛЕРІҢ ЖЕМІСТІ БОЛА БЕРСІН!

ӨМІРЛЕРІҢ ЖЕМІСТІ БОЛА БЕРСІН!

Қоңыр күздің жемісі мол, қырман толатын қыркүйек айы Жарылқасын Исаұлы әкеміз бен Зейнеп Әбубәкірқызы анамыздың он перзентінің төртінші баласы Есенәлі Жарылқасынұлы Исаның отбасы үшін қуанышты ай! Өйткені, қыркүйектің 9-ы Есенәлі бауырымыз 62-нің асқарына шықса, келініміз Гүлхан қыркүйектің 6-сына 60 жасқа толып отыр. 

Екеуі де елге сыйлы, ағайынға абыройлы жандар.

Есенәлі Жарылқасынұлы Иса -заңгер, құқық саласы және әкімдіктің ішкі саясат салысында басшылық қызметтер істеп, қазір құрметті зейнеткер.

Ол Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында мектеп табалдырығын аттап, Қызылқұм ауылы мектебінен түлеп ұшқаннан кейін, ауылда екі жылдай ауылшаруашылығы мен малшаруашылығында еңбек етіп, шыңдалып өсті. 

Кейін еңбек тәлімімен

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіне оқуға түсіп, жақсы бітірді. 

Мамандығына сай еңбек жолын Қызылорда облысында бастаған. Шымкентте құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Қорғаныс министрлігі Әскери полициясының Ақтау горнизоның бөлімшесін өзі барып ашқан, алғашқы басшысы, әділет подполковнигі (2002-2004). 

Кейін Маңғыстау облысы Ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы, Маңғыстау облысы Әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі (2006-2024) жауапты қызметтерін үздік атқарды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мінсіз қызмет туралы медалын алған Қорғаныс министрлігінің әскери ардагері.

“Мемлекеттік қызметтің ардагері” төсбелгісі иегері.

Есеналы Иса ҚР Президенті Жарлығымен бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие болған. Атап айтқанда, “ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы”, “ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы”, “ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” және  “Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы” медальдарымен марапатталған.

Ресей Федерациясының “Байқоңыр Космодромының 50 жылдығы” медаліне ие болған.

Сонымен қатар қазақ қаһармандары Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальдардың иегері.

Ал бүгінде мерейлі жасқа толып отырған келініміз Гүлхан Досмағамбетқызы — жоғары білімді дәрігер, кардиолог, рентгенолог.

Қызылорда облысы, Шиелі ауылында дүниеге келген. Туған ауылындағы мектепті үздік бітіріп, С. Ж. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын аяқтаған.

Еңбек жолында еліміздің түрлі медициналық орталықтарында терапевт әрі кардиолог болып жемісті қызмет етті. Соңғы жұмыс орны — Маңғыстау облыстық Мұнайлы аудандық ауруханасы, онда рентгенолог дәрігер лауазымын атқарды.

Есенәлі мен Гүлхан бүгінде ұлын ұяға, қыздарын қияға қондырған, бірнеше немерелер сүйіп отырған ардақты ата мен әже.

Туған күндерің Құтты болсын!

Ең бастысы Денсаулықтарың мықты болсын!

Төл Мереке мол Берекеге айналсын!

Босағаға бақ пенен құт байлансын!

Шаңырақта шапағат пен шаттық шалқи берсін!  

Үйлеріңде әрдайым әлди мен ән-күй болсын!

Көңілдерің келісті, өмірлерің өздерің дүниеге келген күздегідей жемісті бола берсін! 

Ойларыңа шуақ, бойларыңа қуат тола берсін! 

Алла жар болып, Жұлдыздарың жарқырай берсін!!!!

Әрқашан Ақ жол тілейміз!

Құрметпен, Иса әулетінің атынан Қазыбек-Жәннат.

6 қыркүйек 2026 жыл