ӘРҚАШАН АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІН!
2026 ж. 17 маусым
34
0
Бүгінгі Туған күнің Құтты болсын Қайыр бауырым!
Ең бастысы Денсаулығың мықты болсын!
Ердің жасы Елуге келіпсің, екі 25-тің қуатымен екі 50 жасай бер!
Қабырғаны тепкілеп жүрген қара бала күніңде таэквондоның бекзадасы Бексейіт ағамызға өзім жетелеп ертіп барып, Ақ батасын алып едің. Енді бүгінде аты аңызға айналған Таэквондоның тарландары Мұстафа мен Бексейіттің әруақтарын тербеп, талай арнайы сайыстар өткізіп жүрген Қабыланбайдың құдайдан тілеп алған қабылан ұлысың!
Жер жәннаты Жетісу өңірінде халық қалаулысы атанып, “Ақ жол” партиясы атынан бір мандатты облыстық мәслихат депутаты ретінде ел аманатын орындап келесің! (“Аманат” деген қазақтың қасиетті сөзін саясаттан құтқарып алдық, енді еркін айта берсек болады))). Сайлаушыларыңның Алғысын алып, халықтың жүзіне тура қарап Ақ жолда айқын басып келе жатырсың!
Төл Мерекең мол Берекеге айналсын!
Босағаңа бақ пенен құт байлансын!
Шаңырақта шапағат пен шаттық шалқи берсін!
Үйіңде әрдайым әлди мен ән-күй болсын!
Көңілің келісті, өмірің жемісті де, жеңісті бола берсін!
Ойыңа шуақ, бойыңа қуат тола берсін!
Алла жар болып, Жұлдызың жарқырай берсін!!!!
Әрқашан Ақ жол тілеймін!
Таэквондоның сен тарланы,
Атанғын Елдің ардағы.
Қайратыңменен жолда ауыр,
Жасайсың елге қолдау ұл!
Елуің - екі жиырма бес-
Екі есе мықты бол, бауыр!
Құрметпен, ағаң Қазыбек Иса.
16 маусым 2026 жыл