ӘРҚАШАН АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІН

ӘРҚАШАН АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІН

Бүгін біздің қадірлі достарымыз Нұркен мен Гүлбанудың асқаралы алпыстың асуынан асқан мерейтойлары!

Тойларың Құтты болсын!

Ең бастысы Денсаулықтарың мықты болсын!

Төл Мереке мол Берекеге айналсын!

Босағаға бақ пенен құт байлансын!

Шаңырақта шапағат пен шаттық шалқи берсін!  

Үйлеріңде әрдайым әлди мен ән-күй болсын!

Көңілдерің келісті, өмірлерің жемісті де, жеңісті бола берсін! 

Ойларыңа шуақ, бойларыңа қуат тола берсін! 

Қол ұстасып, жүздерің жарқын күйде Жүзге жете берулеріңе тілектеспіз.

Алла жар болып, Жұлдыздарың жарқырай берсін!!!!

Әрқашан Ақ жол тілеймін!

Құрметпен, Қазыбек -Жәннат

12 қыркүйек 2025 жыл

АДАЛ ДОСҚА АҚ ТІЛЕК

Жастық жалын қайтпаса да бойыңда, 

Жылдар жылжып бара жатыр, мойында.

Ақ тілекті ақтарайық достарым,

Нұркен менен Гүлбанудың тойында.

Нұркен досым! Құтты болсын алпысың!

Алпысың бұл - тарлан ашқан тал түсің!

Еңбектерің елге мынау белгілі,

Жақсылыққа арналсын тек бар күшің!

Талай жоспар жатыр сенің басыңда,

Күміс қырау көбеюде шашыңда.

Әр күндерің той-думан ғой, өйткені,-

Гүлбанудай продюссерің қасыңда!

Гүлбану дос, Құтты болсын, он сегіз!

Алпыста деп кім айтады көрсеңіз?!.

Бұл өмірде әрбір күнің той-думан,

Егер біздің Гүлбануға сенсеңіз!

Достың бәрі екеуіңе сенуде,

Сендер үшін шетелге де келуде.

Сенің туған күнің үшін келістік,

Вьетнамның ыстығын да көруге,

Ыстық түгіл, аштығына көнуге?!.

Орындалсын арман, мақсат, мұратың,

Күн ғой бүгін ән менен жыр туатын.

60 деген - екі 30 ғой, ендеше,-

Екі еседей мықты болсын қуатың! 

Қазыбек ИСА, ақын, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық - “Алтын Күз” орденінің иегері. Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты.