Атқа мінген ұлға Ақ жол тілейміз!
2024 ж. 17 тамыз
9536
0
Қасиетті Түркістан облысы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Сұлтан Бақытұлы Көшен бауырым, ұлың Ибрахимнің сүндет тойы құтты болсын!
Дін мұсылман үшін, әсіресе, оңтүстік үшін баланың сүндет тойы ең қадірлі той болып саналады. Сүндетке отырғызу - ұлдың азамат болып, атқа мінуінің алғашқы қадамы!
Ұлың Ибрахим, өзің ырымдап ұлы Абайдың азан шақырып қойған атын қойғандай ақ тілегіңнің орындалуын Алла нәсіп етсін!
Ұланасыр той ғой ұлдың сүндеті!
Бала тойы - дін мұсылман міндеті.
Атына сай бола берсін баламыз,
Еңбегімен арта берсін құрметі!
Азамат боп, ақтап қазақ сенімін,
Елге қызмет ете берсін Ер ұлың!
Атқа мінген ұлға Ақ жол тілейміз,
Ардақтысы бола берсін елінің!
Ақ тілекпен, ақниет, ақжолдас ағаларың атынан Қазыбек Иса