АМАН БОЛ АТЫРАУДЫҢ АБАДАНЫ!

АМАН БОЛ АТЫРАУДЫҢ АБАДАНЫ!

Бүгін досымыз, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары, белгілі кәсіпкер, таэквондо тарланы Серік Ерубай бауырым елеулі 55 жасқа толып отыр. 


Серік бауырымызға 

“Ел дегендер Ер бастаған 

көшке ерсін,

Қайран күндер кетпейді ғой 

естен шын…

55 бұл - екі 5 қой, ендеше,

Өміріңнің барлығы да 5 болсын!”-деп Ақ тілек айтамыз!


Биіктерде ел өзіңдей байқады ұлын,

Шаттық күні, шалқығын, шайқа бүгін!

“Қазыбек танушымымын” деген сөзді-

“Қазақтану” дегендей айтады інім!

Тарлансың шығатұғын жиі алаңға,

Каспи көңіл кеудеңе сия алар ма?!.

Алла қолдап өзіңді әрқашанда,

Ақ жолмен шыға бергін қияларға!

Береке бере берсін 

күзгі ерек күн,

Жетістікке жеткізсін сіздегі екпін!

Шаңырағың бөленіп шапағатқа,

Жүзің жарқын күйіңде Жүзге жеткін!

Бәйге берсін бұл өмір аламаны,

Дархан пейіл ерсің ғой даладағы!

Жасай бергін жалындап, жақсы бауыр, 

Аман бол Атыраудың абаданы!

Құрметпен, Қазыбек ИСА

16.09.2023 жыл