ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЕРЛІКТЕРІҢІЗ ЕЛГЕ ӨНЕГЕ
2023 ж. 19 мамыр
3854
0
Құрметті Болат Ботайұлы!
Асқар асу 60 жас Құтты болсын! Төл мереке мол берекеге ұласа берсін!
Жер жәннаты Жетісуда, жазиралы Жаркент өңірінде, қоңырсалқын Қоңырөлеңде туып-өсіп, ержеттіңіз.
Жылқысы өзенге құлағанда аяқтағы елге су жетпей қалатын мың жылқы айдаған Мырзаның немересі, Жаркент өңірі жақсы білетін ел ағасы болған, қазақтың әйгілі әншісі, қандыкөйлек досы Дәнеш Рақышты Сүмбенің түрмесінен босатып алған Ер Ботайдың үш ұлының бірі ретінде адал еңбегіңізбен ағайынға абыройлы, аймаққа қадірлі азаматсыз.
Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын оқып бітірдіңіз. Студент кезіңізде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің бел ортасында жүрдіңіз. Бүгінде бесінші рет Парламент Мәжілісінде Халық қалаулысы болып отырған курстас досыңыз Нұртай Сабильянмен бірге Азаттық алаңында аттан салып, ұлт ұранын айтып жүрген ерліктеріңіз елге өнеге, ешқашан ұмытылмайды!
Өйткені Тәуелсіздіктің бастауы болған қасиетті Желтоқсан көтерілісіне қатысқан әр қазақ - қаһарман!
Кейін елге келіп, еңбек жолын бастап, халық экономикасын көтеруге атсалыстыңыз.
Еліміз Тәуелсіздік алып, шекаралар бекітіліп, кедендеріміз ашылғанда мемлекетіміздің ең бірінші ең үлкен кедені - Қорғастағы алғашқы қарлығаштардың бірі болып, ел экономикасын қорғадыңыздар. Ел іргесін бекемдейтін кеден керегесін кеңейтіп, босағасын берік етіп, шаңырағын биіктетуге зор үлес қостыңыз.
Бүгінде жарыңыз Айман екеуіңіз ұлдарыңыз ұяда, қыздарыңыз қияда, немере сүйіп отырған ата-әжесіздер.
Алпыстың асқарынан асқаныңызды сонау атақты араб әлемі де құттықтап, Дубайда думандатып тойлап келдіңіздер, енді елде жалғасып жатыр екен, құдайға сансыз шүкірлік дейік!
Жетпісте жемісті болып, сексеннің сеңгіріне шығып, тоқсанда топты аузыңызға қаратып, жүзіңіз жарқын күйде жүзге жете беріңіз!
Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін!
Әрқашан Ақ жол тілейміз!
Құтты болсын асқар асу Алпысың!
Алпысың бұл - тарлан ашқан талтүсің!
Шаңырағың шапағатқа бөленіп,
Шаттық күйі төріңде ылғи шалқысын!
Жақсылыққа арналсын тек бар күшің!
Құтты болсын, асу асқан Алпысың!
Өнегелі етіп жүрсің әр істі,
Тәуелсіздік үшін ерлер алысты,
Мұз үстінде мұзбалақтар айқасып,
Сақтадыңдар Желтоқсанда Намысты!
Еселі Еңбек етіп жүрсің
Ел үшін,
Көре бергін енді үнемі жемісін!
Жеңіс күні босқа туған жоқсың ғой,
Болат десе, бола берсін Жеңісің!
Құрметпен, ағайын, туған-туыстар мен құдалар атынан Қазыбек Иса