ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ

ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ

Қазақстан Республикасында қазан айының бірінші жексенбісінде Ұстаздар күні аталып өтеді. 

Осы мерейлі мерекеде елордамыз Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы №50 Қазғарыш орта мектебінің басшылығын, ұстаздар ұжымын және арнайы 1 «Е» сыныбының сынып жетекшісі Гүлмира Қадырханқызын төл мерекелерімен құттықтаймыз. 

Құрметті мектеп мұғалімдері!

Қадірлі Гүлмира Қадырханқызы! 

Ұстаздар күні — мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздың орны бөлек, ал, алғашқы ұстаздың орны тіпті ерекше, екінші ана десек те артық емес. Сондықтан, алғашқы ұстаздың көтерер жүгі, атқарар еңбегі де ауыр деп есептейміз. Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, шәкірттеріңіз мерейіңізді өсіре берсін! Басыңыз аман, бауырыңыз бүтін, төрт құбылаңыз тең болып, қажымай, талмай еңбек ете беріңіз! 

Қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбеков: 

«Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар,

Шын шеберлер, өнерпаздар, іспаздар,

Әр шәкірттің кеудесінде бір ту бар,

Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!», - деп жырлап еді. 

Әрдайым білім туын асқақтатып, мұраттарыңызға жетіңіздер. 

Игі тілекпен, 

1 «Е» сыныбының ата-аналар комитеті