ӨНЕГЕЛІ БОЛА БЕРСІН ӨМІРІҢ!

ӨНЕГЕЛІ БОЛА БЕРСІН ӨМІРІҢ!

Бүгін досымыз, Бөгенбай батырдың ұрпағы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитет төрғасы, “Ақ жол” партиясы фракциясы мүшесі Ерлан Барлыбай бауырым елеулі 55 жасқа толып отыр. 

Бөгенбайдан бастасам - бар батырлық,

Саққұлақтан жеткен саған хакімдік.

Атаң Толыбай Алашымның арысы,

Сондықтан да бар біздерде жақындық!

Тегін емес тегіңді егер айтпасам,

Бізді неге жаратты Алла 

ақын ғып?!.

Өнегелі бола берсін өмірің,

Келе жатсың арқалап ел сенімін.

Сүттен бастап кеттің үлкен кәсіпті,

Сүттей аппақ болғаннан соң көңілің!

Сендей болар елдің нағыз жігіті!

Ұлт мүддесі - “Ақ жолдың” бұл үгіті.

Мәжілісте бір комитет басқарып,

Сенде қазір ауылдың бар үміті!

Ел дегендер Ер бастаған 

көшке ерсін,

Қайран күндер кетпейді ғой 

естен шын…

55 бұл - екі 5 қой, ендеше,

Өміріңнің барлығы да 5 болсын!

Жүзің жарқын күйде Жүзге жете бер, Ереке бауырым !!!

Құрметпен, Қазыбек ИСА

15.08.2022 жыл