АҚ ОТАУҒА АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІЗ!
2021 ж. 05 қазан
13011
7
Ордалы Оңтүстіктегі шырайлы Шымқаладағы ағайынымыз, аймаққа белгілі кәсіпкер-фармацевт Тұрақ-Серік Мұсабайұлы мен жайдары жеңгеміз Гүлмира, келін түсірген тойларыңыз құтты болсын!
Сүйікті кенже ұлдарыңыз Дәуренді үйлендіріп, Сабинадай аққу келінді аялы алақандарыңызға қондырғандарызға бүкіл ағайын мен дос-жаран қуануда! Бізге осындай көргенді де, көрікті қыздарын тәрбиелеп, үкілеп өсіріп, ақ батасын беріп аттандырған, төрімізді толтырып отырған іргелі ел Сіргеліден шыққан құрметті Нұрбек-Нұрғайша құдаларға нұр жаусын!
Шаңыраққа ие болып қалатын, болашаққа жарқын күліп баратын үміт артқан ұл Дәурен мен жүзінен нұр төгілген инабатты келініміз Сабина қол ұстасып, Ақ отау құрып отыр!
Қадамдарың құтты болып, алдарыңнан арайлы күн ашылсын! Екеуіңе ел тілегі шашу болып шашылсын!
Тәуелсіздікке 30 жыл толған мерекелі жылда бой көтерген әр отбасы егемен елімізге қосылған құтты шаңыраққа айналсын!
“Ақ жолдықтар” Ақ отау тіккен әр шаңыраққа Ақ жол тілейді!
Ақ келінге құшақ жайып, қош санап,
Қуануда ағайын мен дос қарап.
Алла дәйім бақ пен бақыт сыйласын,
Зор қуаныш бітіреді қос қанат!
Арман тауға аттандыңдар ат мініп,
Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым
Дастарxанға жайылған соң тәттілік!
Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,
Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.
Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз,
Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!
Ізгі ниетпен, ақ тілек білдіруші Қазыбек Иса - Жәннат Мырза