Құтты болсын жемісті жетпісіңіз!
2021 ж. 27 қыркүйек
10925
2
Асқар таудай атамыз, алып бәйтерегіміз Болат Бәсімов пен ақ жаулықты әжеміз Оралғайша Оспанованы жемісті жетпіс жасқа толған қуанышты күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Ата-әжемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бүгінде ұлдарын ұяға қондырып, Алланың берген сүйікті немерелеріне ата-әже болып отырған ардақты жандардың арамызда аман-есен жасай беруін тілейміз!
Құт болсын, жемісті жетпіс жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жарқын жүзбен жүзге аяқ басыңыз!
Жаратқан ием жар болып, қорғай жүрсін,
Қай қиырда жүрсеңіз де қолдай жүрсін!
Ақ тілектер ақтарылған бұл күнде
Жақын жандар жақсы тілек жолдай берсін!
Құттықтаушылар: немерелері.