Халық арасында үлкен беделі бар Ел ағасы
2021 ж. 25 тамыз
5444
0
Бүгін “Ақ жол” демократиялық партиясының ақсақалы, кезінде партия төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыс филиалының төрағасы болған, мықты жетекші, бизнесмен, “Су ресурстары” кәсіпорының кеңесінің президенті, Түркістан облыстық мәслихатының “Ақ жол” демпартиясынан депутаты, мәслихаттағы кәсіпкерлік комиссиясының төрағасы Анарбек Орман көкеміздің туған күні.
Анарбек Онғарбайұлы - тәжірибелі мемлекет қайраткері, Шымкент қаласының екі дүркін әкімі, облыс әкімнің орынбасары болған азамат, халық арасында үлкен беделі бар Ел ағасы.
Анарбек көкеміздің көпшілік біле бермейтін тағы бір ерекше қыры бар. Ағамыз -парсы поэзиясының білгірі. Жауһар жырларын аударып қоятыны бар. Анекеңнің абыздығы, философиялық ойлары бөлек бір әңгімені қажет етеді.
Анарбек көке, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңіз мықты, өміріңіз ұзақ, жеңістеріңіз көп болсын!
Азат Перуашев,
Қазақ үні