ТҮРІК ҚЫЗЫНЫҢ ЕРЛІГІН ҚАЙТАЛАҒАН АРУ
2020 ж. 19 қазан
5359
0
Түркияның бір сұлу актрисасы Голливудқа киноға түсуге барыпты. Голливуд оны қуана қабылдайды. Бірақ ол киноға түсуден бас тартып, еліне қайтады. Сөйтсе, сценарий бойынша бір эпизодта әлгі сұлу жарқыратып кеудесін ашып жібергенде, голливудтық бір еркек актер бірнеше секунд бойы оның кеудесіне «тұмсығын тыға» тұруы керек екен. Сонда әлгі түрік қызы: «Мұндай арсыздыққа Шығыс дәстүрі, халқымның тәрбиесі рұқсат етпейді» депті. Голливуд оған 1 миллион ұсынса да: «5 миллион болса да қалталарыңа салып қойыңдар!» деп Түркияға ұшып кетеді. Кейінірек осы жағдай Түркия парламентінде сөз болып, әлгі актрисаға айтарлықтай ақша беріліпті. Ұлттық намыс деген осы. Ал біздегі жартылай жалаңаш орыстың киносы мен клиптерінде жүрген актрисасымақтарымыз ақша үшін ұлтын сатуға дайын!
Журналист Жолымбет Мәкіш өз жазбасында арсыз істен бас тартқан қазақ қызы туралы толғапты: (Ол қыздың суреті төменде тұр).
"Жадыра Жұмағұл дейтін 20 жастағы мына қыз 2017 жылы «Miss Талдықорған» деген атақты жеңіп алған болатын. Жақында оны Америкада өтетін «Miss Asia USA» дейтін конкурсқа шақырды. Конкурстың бір шарты бойынша, оған іш киіммен түсуің керек екен. Оны естіген Жадыра бірден байқауға барудан бас тартыпты. Атақ қуалап кетпей, ар-намысын ойлаған сұлу қарындасымыздың шешіміне əбден риза болдық! ".
Бұған біздің қосарымыз қазақ қызының бұл ерлігін барша қазақ қолдап, көбірек таратайық. Қазақ қызының ар- намысын қалай қорғайтынын әлем білсін! Өзге қыздарымызға үлгі болсын!
Нағашыбай Қабылбек,
Фейсбук парақшасынан