"Әндерің мәңгі қазақ даласында шырқалады"

Қаралы хабарлар көбейіп кетті...

… Соңғы бір жетінің ішінде баяғы соғыстан келген үш бума хат секілді фейсбуктен не телефонмен қаралы хабарлар көбейіп кетті. Шынымен де солай.Дос десе жанын беруге даяр тұратын Жалғас Кеңес досым да аяқ астынан о дүниеге аттанды. Қазір Жалғастың жазған бір ай бұрынғы вацаптағы жазбасын оқып отырмын. Былай жазыпты: "Мені дүниеге әкелген Қожабекқызы Жаңыл анамның жылдық асы 13,06,2020 күні Жаңаөзен қаласында 4-шағын ауданы 10 үйде өтетінін хабарлаймын. Ертең 04,06,2020 күні кешке поездбен Маңғыстауға жүремін алла қаласа…анамның асын өткізуге… Жалғас Кеңес." Тура бір ай бұрын… Ал, бүгін тағы бір композитор Нәукең, Мырзағұлұлы Науатбектен айырылып отырмын. Не бара алмай не бір уыс топырақ сала алмай… Жалғаспен кейін дос болсам да, өмір бойы бірге жүргендей едік. Бір-бірімізді дос деп кеттік. Әр шыққан әндерін телефон арқылы тыңдатып қуанышын бөлісуге асығып тұратын.Талантты композитор, ақын жанды нағыз азамат еді-ау. Нәукем де дәл Жәкемдей аңқылдаған арынды жырау-композитор еді-ау… Бірі Балқаштың, екіншісі Шардара мен Каспийдің жағасын әнге бөлеген тума талант иелері болатын. Жалғастың «Қыз құйған шәй», «Түкістаным-тұраным», «Достарыма»,»Қайран дұние» Нәукемнің «Балқашым»,»Көкжидем» әндерін қазақ елі ұмытпайды. Екі бірдей өнер адамы, екі бірдей композитор, екі бірдей жан әке, екі бірдей қайраткерден айырылып отырмыз. Бұл біздің мемлекетіміз азаматтарымызды арашалап алуға мүмкіндігі төмендігі ме, жоқ әлде адамзатқа деген жанашырлығы жоғалғандығы ма, болмаса індетті мойындап бауша қырқылу кейіпі ме? Түсініксіз… Екеуі де тепсе темір үзетіндей мықты азаматтар еді. Әлі сене алмаймын, бірақ сенбеске шара жоқ. Өлім әшкерелеп отыр. Екеуіңнің де отбастарыңа қайғырып көңіл айтамын. Алла сабыр берсін. Арттарыңда қалған балаларың мен немерелерің аман болсын. Сендердің жазған әндерің мәңгі қазақ даласында шырқалып, ел аузында сақталатынына сенімдімін, достарым! Жатқан жерлерің жайлы,топырақтарың торқа болсын! Тағы да суық хабар!!! Науатбек Мырзағұлұлының туған ортаншы інісі де қайтыс болыпты.... Иманы саламат болсын! Алла, сабыр бер, халқыма! Жанұзақ Мүсәпір, Фейсбук парақшасынан