Менің атам

Менің атам – Елдесов Бархия Елдесұлы (1919-2006).

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Сержанттар артиллерия училищесін бітірген соң Калинин қаласында қызмет етті. 1940 жылы Фин соғысына, содан кейін Бессарабияны, Батыс Украинаны азат ету үшін шайқастарға қатысты. 1941 жылғы 22 маусымдағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Киев үшін шайқастарға қатысты. 1941 жылы желтоқсанда ол Борисполь қаласында қоршауға алынды, ауыр жараланған. Украинадағы партизандармен соғысқан. Атам Германиядағы Эльба өзенінде жеңіске жетті. 1945 жылы 25 маусымда соғыстан қайтты.

Ерлігі мен еңбегі үшін «Ұлы Отан Соғысының І дәрежелі» орденімен, «Кенисбергті басып алғаны үшін», «Германиядағы Жеңісі үшін» мерейтой медальдарымен марапатталды. 1948 -1954 жылдары бастауыш класс мұғалімі болып Орташа,Түсқайың,Үлке ауылдарында қызмет атқарды.

1954 жылдан бастап зейнетке шыққанша Қызылқайың О М (қазіргі Сарысай О М) математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

Аудандық, Облыстық, Қаз ССР Министрінің құрмет грамотасымен марапатталды. Жұбайы мен бірге жеті бала тәрбиеледі, оның алтауы ұстаздық жолында.

Атамның еңбек жолы – ізгі жол, себебі артынан көптеген ізбасарлары, шәкірттері қалды. Оның өмір жолы ұрпақ үшін үлгі - өнеге. Білімі мен парасаттылығы, сабырлылығы мен қатаңдығы, ізгі істері қатар жүрген. Атамның ұрпағына қалдырған нақыл сөздері бізге өмірлік ұран:

• білімге құштарлық;

• әр іске әр уақытта ықыласты болу;

• білімді өмірлік шырақ етіп ұстану.

*****

Сұм соғыста атам да болған еді,

Жауды шөптей жапырып, жойған еді.

Аман-есен оралып, қан майданнан,

Ұрпағының қорғаны болған еді.

Атамды айтып, әрине мақтанамын,

Ерлігіне алғыс айтып, шаттанамын.

40 жыл ұстаз болған, қызмет қылған

Еңбегін ел-жұртыма ақтарамын.

Ескендiр Елдес,

Ақтөбе обылысы,

Хромтау қаласының № 2 мектеп-гимназиясының 2 А сынып оқушысы