Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден өтті

Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден өтті Қазақстанның белгілі қоғам және спорт қайраткері Бекет Сапабекұлы Махмұтов дүниеден өтті. Бекет Сапабекұлы қазақстандық бокс, дзюдо секілді спорт түрлерін дамытуға зор үлес қосқан маман. Ол 1993-2000 жылдар аралығында отандық бокс федерациясын басқарған. 1996-2006 жылдар аралығында АИБА вице-президенті қызметін атқарды. Осы жылдар аралығында Қазақстаннан бокстан ондаған Олимпиада мен әлем чемпиондары шықты. «Ақ жол» партиясы Бекет Махмұтовтың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, пейіште нұры шалқығай.