Жігітсің сен жаны жомарт, иықты
2020 ж. 24 ақпан
3675
0
Ғабит Аймұқанұлы Досанов 60 жасқа толғанда шашылған жыр-шашу
Жаратқанның пендесіне берілген үлкен сыйы -
оның артында қалатын жақсы аты,
мейірімділігі мен қарапайымдылығы
Сағди
І Құзіреті күшті әмірімен Алланың, Алысқа келдің қай қиырға бармадың? Димашың мен Рұстамыңның қамы үшін, Қыран құс боп қалықтадың, самғадың. Димаш, Рұстам Алла берген бақытың, Келіндерің Әлия, Динара жақұтың. Алла берген алтын немере: Адия, Тиара, Алсара, Алидар, Алдияр, Рания, Айлана, Шаңырақтағы шаттық пенен бақ-құтың. ІІ Тұрсың сен алты асу асқарында, Ойлаған кездерің жоқ бас қамында. Төңіректі шолдың сен қыран болып. Қазақтың аппақ, ашық аспанында. Жігітсің сен жаны жомарт, иықты, Нұрекеңнің құдасысың сүйікті. Еңбегіңмен қызмет етіп еліңе, Бағындыра бер алда талай биікті. Димашым бәріміздің мақтанымыз, Арайлап ата берсін ақ таңымыз. Дейді Алла: «Бақыт бердім баға жетпес, Алайда тіл мен көзден сақтаныңыз». ІІІ Алпысың аман жеткен құтты болсын, Денсаулығың болаттай мықты болсын, Халыққа аузыңнан жырып берер, Бизнесің гүлдесін, сүтті болсын. Алпысты атап өтіп, жетпіске жет, Сексенменен тоқсанға да тоқтамай, Жан жарың – Жаннаңды қолтықтап ап, Бақыттан бас айналып, жүзге де жет! Ғабит жүзден асыпты деп ән салайық, Кермиық, көркем көркіңе тамсанайық. «Қазақстанда өркениет гүлдеді» деп, Шаттанып, жер жүзіне жар салайық. IV Сәуле шашсын аппақ, самал ажарың, Нұрын төксің мейірімі мол назарың. Баянды болсын Алла берген бақытың, Тарқамасын қуаныш, бақыт базарың! Жарып өттің қиындықтың нар қамысын, Талай жұмыс атқардың ел қамы үшін. Жасай бер елің үшін, біз үшін де, Соңымнан ерген бауырым - жолбарысым! V Көтеріскен жүктің ауырын, Тағдырдың жауын, дауылын. Ғабитім менің жасай бер, Тілекшің – Сәбит бауырың. Алматы. Ақпан, 2020 жыл. qazaquni.kz