Құттықтаймыз!
Шырайлы Шымқаланың тұрғыны
Нұрлан Қайыпұлы ініміз екі келін түсіріп, ақ түйенің қарны жарылуда! Киелі Түркістан өңірінде, сұлу Сырдың бойындағы байырғы Байырқұмнан түлеп ұшқан Нұрлан қазір кәсібінен нәсіп тауып жүрген кәсіпкер. Болашақта көк туымызды желбіретер чемпиондар шығатын түрлі спорт жарыстарына демеушілік жасап, дүлдүлдерге дем беріп келеді. Нұрланның әке-шешесі Қайып әке мен Қарашаш анадан 11 бала - жеті ұл, төрт қыз өсіп-өнген екен. Үлкен отбасыдан шыққан Нұрлан мен Айтолқын келініміз де қазір ұш ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсіріп келеді.
Нұрлан бауырымыз бүгінде «Екі дүниең абат болсын, екі тойың қабат болсын» дегендей, екі ұлын қатар үйлендіріп, екі құда шақырып, екі елмен араласып отыр. Біз Нұрлан ініміз бен Айтолқын келінімізді үш жүздің басын қосқан ырымалды тұңғыш тойларымен құттықтаймыз! Жас жұбайлар
Нұрсұлтан мен
Раноға және
Бексұлтан мен
Дианаға бақыт тілеп, қос отаудың шаңырақтары биік, керегелері кең, босағалары берік болсын деп тілейміз! «Ақ жол» партиясы да, «Қазақ үні» газеті/сайты да Тәуелсіз елімізде көтерілген қос шаңыраққа бақ-береке мен шат мереке тілейді!
Ұлттың мүддесін қорғайтын құтты шаңыраққа айналып, Қазақ үнін биіктен шырқай беріңдер!
Алла қолдап, Ақ отаулардың алдынан Ақ жол ашылсын!
Қос келінге құшақ жайып, қош санап,
Қуануда ағайын мен дос қарап.
Алла дәйім бақ пен бақыт сыйласын,
Қос қуаныш бітіреді қос қанат!
Арман тауға аттандыңдар ат мініп,
Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым
Дастарxанға жайылған соң тәттілік!
Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,
Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.
Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз,
Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!
Ақ тілекпен, астаналық ағайындар атынан,
ағаларың Қазыбек Иса