Ашытқы зауытының ащы зары
2016 ж. 01 қараша
2213
1
Мәжілістің соңғы пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсенбинов ашытқы зауытының ащы проблемаларына байланысты мәселені қозғады.
Осы жылдың 23-ші маусымында «Ақ жол» фракциясы, Қазақстандағы тағамдық ашытқы өндіру саласындағы жалғыз отандық өндіруші – Алматы ашытқы зауытын қорғап, депутаттық сауал жолдаған еді. Аталмыш компания 40 жылдық тарихы бар ауылшаруашылық өңдеушісі болып табылады, өйткені шикізат ретінде қант қызылшасының қалдықтарын қолданып, нан тоқаш пісіруге қолданылатын ашытқы жасайды. Осы ашытқымен піскен нан әр Қазақстандықтың дастарханында тұр десек артық айтпаймыз
Бірақ, белгісіз себептермен, ААЗ 70% дейін азайтылған арнайы салық режиміне кіретін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілердің қатарына кірмей қалды.
Белорусия мен Ресейдің осындай ұқсас өнім өндіруші компаниялары базалық 18%ставкадан жеңілдетілген ставкамен ҚҚС 10% төлеп отырған кезде, ААЗ толық көлемде 12% ҚҚС төлеп отыр.
Осының салдарынан отандық ашытқы сырттан келген бәсекелестерімен ішкі нарықтан ығыстырылуда.
«Әр қазақ менің жалғызым» демекші, «Ақ жол» фракциясы үшін әрбір отандық өндіруші қымбат! Оның үстіне ААЗ отандық өндірістегі бүкіл бір сектордағы жалғыз тұрған мекеме!
Осы орайда тағамдық ашытқы өндіруді ҚР Салық кодексінің 267-бабы,2-тармағы бойынша жеңілдетілген бағыттарының қатарына қосуды ұсынған едік.
Өкімет өзінің жауабында ӘСҰ (ВТО)ның талаптарына сүйене отырып, жоғарыдағы мекемені қолдаудан бас тартқан еді.
Дегенмен, ӘСҰ-ның барлық мемлекеттері өздерінің кәсіпорындарын қолдаудың амалын ойлап табуда.
Сонау 2012 жылы Елбасымыз Өкіметке халықаралық тәжірибені зерттеп, отандық өндірушілерді қолдау шараларын ойластыруды тапсырып еді, әлі күнге дейін басқа тапсырмаларында да осыны қайталауда.
Сұрақ: Өкімет салықтық ынталандыруға байланысты қандай қолдау шараларын жасап шығарды және осы саланы қолдау үшін не істемек ойлары бар?
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
qazaquni.kz