Ескерткішке гүл шоқтарын қойды
2016 ж. 22 тамыз
3311
1
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысына сапары кезінде қаншама игі шараларға қатысты. Сапарының соңғы күні Көкшетау қаласында жақында ашылған Чернобыль апатынан зардап шеккендерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Бұл өткен жиырмасыншы ғасырда адамзатқа төтеннен келген атом апатының бір көрінісі еді. Қаншама бейбіт адамдар оның қауіп ошағын аластауға қатысты. Олардың қатарында көкшетаулықтар да жетерлік.
Биыл осы апат оқиғасына отыз жыл толды. Ескерткіш те осы апатты жоюға қатысқан ерлерге тағзым ету үшін салынған еді. Меруерт Қазбекова өз сөзінде енді мұндай апаттар адамзатқа зардабын салмасыншы деген тілегін жолдады.
qazaquni.kz