"Ақ жол» отандық тауар өндірушілердің бастамаларын заңнамалық деңгейде қолдауға дайын - Е. Барлыбаев
2016 ж. 17 мамыр
2016
0
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы басшысының орынбасары Е. Барлыбаев және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Полторабатько іс сапармен Алматыдағы «Келет» өндірістік компаниясында болып қайтты.
Кездесу барысында халық қалаулылары заң шығару жұмысы және азаматтарды қабылдау кезінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Сондай – ақ, Ерлан Барлыбаев фракциясының негізгі қызметі туралы тоқталып өтті.
«Біз қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында, отандық өндірісті дамытуға кедергі болатын мәселелерді біліп, заңнамалық деңгейде сіздің бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз. Яғни біз үшін бизнеспен тікелей байланыста болуы маңызды болып табылады»- деп түсіндірсе, сонымен қатар, ол бүгінде инновация және ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша заңнаманы жетілдіру қажеттілігін келешекте жұмыста пайдаланылатындығын айтып өтті.
Жиын барысында сондай-ақ, білім беру жүйесінің мәселесі, ауыл шаруашылығы және басқа мәселелер де талқыланды.
«Келет» АҚ 1992 жылдан бастап жұмыс істейді, өндірістік және коммерциялық компания болып табылады. «Келет» АҚ сумен жабдықтау, желдету, жылыту үшін сапалы жабдықтарды сенімді әрі тұрақты жеткізуші ретінде белгілі.
qazaquni.kz