Парламентке бір сұрақ
2016 ж. 04 мамыр
3578
2
Анау менің
Ару өң, арзан далам,
Құзғын сорып, құл мінген, төсі теппе.
Ішек те жоқ,
Іш те жоқ, бәрі бауыр,
Жүрегінің басына зәрін құсып,
Іштен тынып жатады есіл өкпе.
Қарғыс атқыр! -
Хан кеткен, қарасы да,
Сай-салаға сары мұң ұйықтырып.
Аяғына
зар түскен
Шер-құлынның
Құлағына қорғасын құйып тұрып.
Қабырғаңды
кеміріп ала бас құрт,
Кісінейін дейсің-ау, кісінейін.
Ашып- ашып
Қоясың ауызыңды,
Оны қайдан мен байғұс түсінейін...
Кім біліпті!?
Кімдердің ішіндегі
Кесірткедей кер ауыз арман-мұңың.
"Иттерменен
ұйығып жүр" - дейді ғой
Кісінеуді ұмытып қалған құлын.
Түн-көңілім
Түс қашып шомылады,
Кенезесі кесілген аз ағынға.
Азғындарға
Ақситып көрсететін
Арыстанның азуы сатылмай ма
Алматының "Қытайы" базарында?
Сабыр Адай
qazaquni.kz