Жаңа депутаттар халыққа ант берді
2016 ж. 25 наурыз
2458
2
Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді.
Антты 6-шы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутаты және, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутаты берді. "Қазақстан халқына адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасы тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң ұстануға, маған жүктеліп отырған депутат қызметін адал атқаруға ант етемін", - деді ең бірінші болып ант берген Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.
Антты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.
Дерек көзі: ҚазАқпарат