Оралман депутат деген кім?

11898650_819352994852624_2234653200233278990_n"Оралман" демей-ақ, күллі қазақ өз тілінде сөйлесе сол жетіп жатыр. Бізге Оралман не жергілікті не, әйтеуір қазақтың қамын жейтін, тілімізді тік тұрғызатын бір тұлға келсе жетеді. Оралман шығып оралманның сөзін сөйлейді деу артық, шеттен келген қазақ депутат болуына қарсы емеспіз, бірақ ол тек шеттен кегендердің сөзін сөйлесін деп шеттету дұрыс па?!" - дейді әлеуметтік желі қолданушысы Қабиден Қуанышбайұлы. 

Ал төменде Болат Жетекбай "Оралман депутатқа" анықтама беріпті.

11693905_874046395976306_8243289575385831005_n"Оралман-депутат деген не? Құлын да құлын болып тұрып қалмай, тай, құнан, дөнен болып өсіп кетпей ме? Әшейінде ескі әдетін тастамай, "қалпақ", "қытай", "монғол" деп айтатындарға өкпелеп жүріп, енді "оралман" атауына қайта жармасып, мынадай сөз айтудың не мәнісі бар? Әлде, қазақтың ішінде өз құқығын талап ететін, шетқақпайға ұшырып жатса тиісті орындарға жүгінетін оралман деген бөлек тайпа пайда болды ма? Оларды ассамблеяға тіркеу керек пе? Осы атақпен мәңгі жүрсін деп таңба басу керек пе? Егер сырттан келетіндердің жайын жақын ұғатындар керек десеңіз, анау Ауыт Мұқибек депутат болмай-ақ үкіметке, парламентке сөзін өткізді ғой! Бос сөзбен ел ішіне іріткі салғаннан гөрі жоғары билікке халықтың талабын өткізудің жолын табу керек шығар. Сол кезде шетелдерден еліне оралатын қандастардың мұң-мұқтажы ескерілмей қалмас (бір пысықайлардың көзі жанып, алақан ысқылағанын сезіп, жаздым). Болат Жетекбай.

qazaquni.kz