МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

91 «Ақ жол»: туа біткен керең-мылқау тұлғаларға ІІ топтың мүгедектігін беру қажет. Бұл туралы жуырда Меруерт Қазыбекова Мәжілістің пленарлық отырысында фракцияның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді. Депутаттық сауалдың жазылуына «Қазақ саңыраулар қоғамы» Орталық басқармасы басшылығының есту бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы, яғни туа біткен керең-мылқау мүгедектердің мәселесі бойынша үндеу хаты түрткі болды. Депутаттық сауалда есту бойынша мүгедектік: керең-мылқаулық, саңыраулық, құлақ мүкістігі деген 3 топқа бөлінеді. Бірақ, бұлардың барлығы ерекше жеңілдіктерді керек етпейтін, соның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейтін ІІІ топтың мүгедектігіне жататындығы айтылады. ҚР Үкіметінің 2005 жылдың 20 шілдесіндегі № 750 қаулысына сәйкес бекітілген медико-әлеуметтік сараптамалар өткізу ережелері бойынша ІІІ топ мүгедектерін анықтауға арналған өлшемдерде, басқа шарттардың арасында, оқу үдерісінің арнайы режімін сақтай отырып, жалпы типтегі оқу орындарында оқуға қабілеттілігі анықталады. Депутаттың сөзіне сүйенсек: «туа біткен керең-мылқау балаларға жалпы типтегі оқу орындарында оқыту мүмкіндігі, тіпті арнайы режімінің сақталуы кезінде де, кейбір сұрақтар туындайды. Саңырау болып туған балаларымыздың өзі не сөйлей алмайды, не оқи алмайды және бұл адамдар анық мүмкіндігі шектеулілер. Сөйлеу білмейтін адам, әрине, дамудан көп артта қалатыны анық» – дейді. Қоғамымызда орын алып жатқан кез-келген мәселеге бей- жай қарамайтын «ақжолдықтар» болса, бүгінгідей экономиканың инновациялық жолмен дамып жатқан кезінде, интеллектуалды дамудан қалып қою еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетсіздік факторларының бірі ретінде саналатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, олар ІІ топтың мүгедектігін белгілеу үшін жоғарыда көрсетілген Ережелер арнайы бағдарламалар бойынша оқу орындарында оқуға қабілеттілігін саралай келе, бұл тұрғыда әсіресе туа біткен керең-мылқау адамдардың мүмкіндіктерімен міндетті түрде санасауымыз керек дейді. Осыған байланысты, фракция депутаттары министрліктің атына туа біткен керең-мылқау жандардың ІІ топ мүгедектігін алу үшін мүгедектік топтардың өлшемдерін қайта қарау қажеттігі турасында депутаттық сауал жолдайды. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жолында және өз сайлаушыларының құқықтарын қоғау бойынша алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастыра береді.                                                    «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі