Көк байрақ бейнеленген ішкі киім

3e839ec6d83b Парламент сенатының депутаты Қожахмет Баймаханов "жартылай жалаңаш жүретін биші қыздар байрақтың бейнесін киіміне жабыстырып алып, оны қорлап жүр" деп ашынды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің заң жобасын әкелген әділет министрі Берік Имашевтан осындай жағдайларға қатысты қандай да бір шара қолдануын сұрады. Алайда, қазақ тілінде айтылған мемлекеттік маңызы бар мәселені министр мырза түсінбеді ме, әйтеуір жарытып жауап бере алмады. "Бір ағайындардың іс-шарасында болдым Алматыда. Сонда концертная программасында қыздар шықты билеп шетелдің биін билеп. Шетелдің билін биелегенде белгілі ғой киімдері қандай болатыны, киімдерінде барлығы Қазақстанның туы. Ыңғайсыз, ыңғайсыз жерлерде Қазақстанның туы тұрғанға қатты ашынып мейрамхананың басшысын шақырдым. Ол айтады мен жауап бермеймін дейді", - деп бөлісті оқиға желісімен сенатор. "Ол мораль туралы, білмеймін ол моральдің өзі жеке адамға байланысты, мүмкін саясатқа байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық кодекске емес", - деп құтылды Әділет министрі Берік Имашев. Сондай-ақ, депутат Қожахмет Баймаханов кейбір әкімшілік айыппұлдардың көлемі ақылға қонымсыз деп отыр. "Орысша айтайын "опьянение" болып келсе дейді, соның қазақшасы ну сәл мастау ғой, масаңсырап па, сәл мастау әйтеуір, оған 5 АЕК. Ал барып бір жерге бір темекі шегіп тұрса оған 15 АЕК. Мен айтамын, әй анау мас болып қанша адамның мазасын алады, оған 5-ақ АЕК, ал байқамай тұрып тығылып тұрып темекі шексе оған 15 АЕК береміз, шамалы әділеттілік болуы керек қой", - деді ол. NUR.KZ