Қазақстанда сыбайластық жемқорлық өршіп тұрған салалар

photo_105621Қазақстанда сыбайластық жемқорлыққа жиі жол берілетін салалар –  құрылыс саласы мен мемлекеттік сатып алулар екен. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев айтты. Соған қарамастан, парламенттегілер "2011-2015 ж.ж. аралығына құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы "  талдамалы салалық бағдарламаны нұсқайды. Депутаттың пікірінше, елімізде бұл салаларда жиі заңсыздықтардың орын алуына кеңестік кезеңнен қалыптасқан, өзгермеген  стандарт себеп болып отыр. Мемлекеттік бюджет есебіне салынатын құрылыс нысандарының бағалары бұрынғы кеңестік норманың шеңберінен шыға алмайды. Соның әсерінен құрылыс нысандарын салу бағасы бірнеше пайызға жоғары көрсетіліп, мемлекетке тапсырыс береді. Мәжіліс депутаты осы мәселені есепке алып, құрылыс саласындағы нормаларды қайта қарау туралы Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.