Ел қалаулылары елу мыңдық виски ішеді...

Депутаттар қандай арақ ішеді?

 
«Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасының асханасы» мемлекеттік сатып алу порталына мынандай жарнама жариялады» деп хабарлайды DailyNews.kz сайты. Депутаттар тамақ ішетін асханаға кемі 21 жыл сақталған 30 бөтелке виски керек. Оның әрбір бөтелкесін 50 мың теңгеден сатып алады. Сондай-ақ, парламент асханасына бұған қосымша 12 жыл сақталған 30 бөтелкі виски керек. Оның әрбір бөтелкесінің бағасы  - 25 мың теңгеден. Сақталу мерзімі үш жылдан асақан 20 бөтелке коньяктың әрқайсысын асхана 10 мың теңгеден сатып алады. Бұған қоса Қазақстанда шығарылған «қарапайым» 150 бөтелке коньяк (бағасы  900т.) керек. Халқымыздың қалаулылары «анау-мынау» арақ ішпейді. Оларға әрбір бөтелкесі 8000 теңгелік 50 арақ және «арзан бағадағы»(бөтекесі – 5000 теңгеден) тағы 50 арақ керек екен. Асхана тапсырыс беріп жатқан арақтың жалпы саны – 550 бөтелке (225 литр). Оған 1 220 000 теңге жұмсайды. Депутаттарға жеңіл желпі шарап та керек. Виноның сақталу мерзімі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Асхана 20 бөтелкенің әрқайсысын 40 мың теңгеден сатып алмақшы. Депутаттардың «тіске басуы» үшін қымбат шоколадтар мен 3000 қорап сағыз, 14 мың қорап сигарет сатып алынып жатыр. Бұған 7 миллион теңге жұмсалады.

Серке.орг

*Тақырып өзгертілді