Бейнетақысы бес батпан – зейнетақы...

  Апта барысында «Ақ жол» депутаттары әйелдердің бұрынғы зейнетақы жасын сақтауға байланысты қойылған сұрағына жауап алды. Григорий Марченко жария еткен зейнетақы төлемдері бойынша 19, 6 млрд. доллар жетіспеуші­лік, алдымыздағы жылдары Қазақстанның қазіргi зейнетақы жүйесiнің банкроттығын бiлдiредi – дейді партия көшбасшысы А. Перуашев. Бұдан бұрын Мәжiлiстiң пленарлық отырысында фракцияның сұрақтарына Үкiметтің беретiн жауаптарын әр депутаттың өздігінен бағалауын негізге алып, зейнеткерлік туралы заң жобасы бойынша дауыс беруге шешім қабылданған болатын. Алайда, министр Серік Әбденовтың сөзінде жауап айтылмады. Зейнеткерлік жасты көтеру, кең таралған болмаса да, бұл жүзеге аспай қалмайтын қадам, – деп атап өтті фракция жетекшісі. Бұрын қойылған сұрақтарды еске сала отырып, егер де мұндай тәуекелдер қалыптасса, онда Үкімет осы салада пайда болатын, бізді күтіп тұрған әлеуметтік сәтсіздіктердің қатерлерін көрсететін есептерді, ашып көрсетуге тиісті деді. Бұған жауап ретінде, Григорий Марченко бірінші рет нақты мәліметтерді жария етті: жақын арадағы 10 жылда зейнетақы төлемдері бойынша бюджет жетіспеушілігі 19, 6 млрд. АҚШ долларын құрайды. «Бірақ бұл сома, біздің азаматтарымыздың өткен 15 жыл ішінде жинаған барлық зейнеткерлік жинақтардың сомасымен бара-бар! Басқаша айтқанда, біздің мақтап жүрген зейнетақы жүйесі нақты банкрот болудың және әлеуметтік күйзеліс қаупінің алдында тұр!», – деді Азат Перуашев. Естеріңізге саламыз, заң жобасының таныс­тырылымы барысында, Ұлттық Банктің төрағасы зейнетақы жүйесінің 15 жылдағы табыстары жайлы айтқанда, Азат Перуашев реформаның сабақтастық тақырыбын көтерген. Ол бәрі жақсы деген сыңай көрсетпеуге және қулық жасамауға шақырған. «Проблема бар, олар анық, ұсынылған өзгерiстердiң өзі-ақ жаңа зейнетақы реформасы туралы айтады. Кім осындай реформаларды жүргізді, солардың дербес жауапкершiлiгі туралы да мәселе қою керек», – деді өз сөзінде. «Таңқаларлық түгі де жоқ, Үкімет ұзақ уақыт бойы азаматтарға және депутаттарға шын мәнінде болып жатқан жағдайды неге жайып салмады? Себебі өздерінің қателіктерін мойындағылары келмеді. Біздің қойған сұрақтарымыздан сондай икемсiз әрекеттер арқылы жалтарғысы келуі мүмкін. 1997 жылғы зейнетақы реформасының авторларының ынтымақты зейнетақының маңыздылығының төмендеуіне және жинақтау жүйесiнің халықты қамтуына қатысты өз қателіктерін мойындағылары келмеуіне байланысты болған шығар. Қолайлы режімде ұтымды зейнетақы жүйесiне өтуге, аяқ астынан мыңдаған жаңа жұмыссыздарды далаға тастамай, алдын ала әрекет қылу қажет. Өспелі тәуекелдерді бағалауға мүмкiндiк беретiн тек нақты сандар ғана, сондықтан да біз өз сұрақтарымызға жауап алуда табандылық таныттық. Бұны көрмеу және түсінбеу – қазіргі мемлекеттiң дамуына және өрлеуіне берілген жалғыз мүмкіндік нарықтық экономиканың негізін түсiнбегендік. Мұны көріп тұрып, бірақ басқалардан жасыру – яғни екіжүзділік және жалған күтулерді мадақтау, – деп атап көрсеттi фракцияның жетекшісі. «Акжолдықтар» заң жобасын қабылдаудың және ұсынылатын өзгерiстердi табысты жүзеге асырудың басты шарты Үкiметпен жұмыспен қамту және жеткілікті қамтамасыз етілмегендерге әлеу­меттiк қолдаудың арнайы бағдардамаларын жедел қа­былдауы болуы тиіс деп есептейді. «Бізге және біздің зейнеткер­лері­мізге аспаннан ешнәрсе өзі келіп түспейді. Тұрақты экономикада ауадан төлеу пайда болмайды, олар еңбекпен және сындарлы қаржылық саясатпен қалыптасуы керек. Керi жағдайда, зейнетақы құлдырауының беталысы тек өсiп келе жатқанын адал мойындау керек. Бұл экономика, қазіргi жүйеде басқа нәтижені күтуге де болмайды. Әрине, қауіп төнгенде, басын құмға тығатын түйеқұс сияқты және түк болмағандай отыра беруге болар еді. Бiрақ, бұл – нарық жолы емес, әрі бұл өз отандастарымызды сатып кеткендік болар еді. Өйткенi бұл жағдайда күйреу күні күтпеген жерден келеді және грек немесе кипрлік апатқа ұқсас экономикалық коллапсқа ұшыратады. Әсiресе бiздiң сұрақтарға алынған жауаптарды ескерсек, бұл елді үрейлендіру емес, көріп тұрғанымыздай, өмір шындығы», – деп түйіндеді қазақстандық демократтардың көшбасшысы.