Азат Перуашев: Заң жобалары алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысуы тиіс

    Парламенттік азшылықтағы партия заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысуға құ­қысы болуы тиіс. Бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол» Демо­кратиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев өткен бейсенбіде болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысында мәлімдеді. Парламент партиялары­ның атқарушы меморгандармен әзірленетін заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы оны Парламентке енгізудің алдында жүргізуі қабылданатын шешімнің ашықтығын және тиімділігін арттырады – деп есептейді қазақстандық демократтардың көшбас­шысы. Қазіргі уақытта бас­қа­рушы партия, үкіметті қалыптастыра отырып, заң жобаларының бағытын да анықтайды. Бұдан ары қарай, Парламентте осы заң жобасын талқылау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, парламенттік аз­шылықтағы партиялардың құжатқа маңызды өзгертулер енгізуге қол жеткізуі өте қиын, себебі парламент регламенті үкімет тұжырымдамасынан ауытқуға жол бермейді. Талқыланып жатқан заң жобалары жөніндегі парла­менттік азшылдардың талаптары көбінесе ондағы сы­байлас жемқорлықтың алғышарттарын құрай­тын меморгандарға артық өкі­леттіктердің қарас­ты­рылуына байланысты болады. «Партиялардың тұжырым­даманы дайындау сатысында заң жобаларын әзірлеуге және министрліктер мен ведомствалардың жанындағы сараптамалық кеңестерде талқылауға қатысуы парла­мент­тік фракциялардың барлығының пікірін алдын-ала талқылау кезеңінде ескеруге мүмкіндік береді, бұл көптеген қарама-қай­шы­лықтарды жояды, қа­был­­данатын құжаттың ашық­тығын және сапасын жоғарылатады», - деп атап өтті «Ақ жол» ҚДП жетекшісі. Ол «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын талқылаған кезде, бірінші күні-ақ барлық үш фракцияның депутаттарымен 1200 жуық түзетулер енгізілгені туралы мысал келтірді. Сонымен бірге, осы заң жобасынан еліміздің Конституциясына, «Президент туралы» және «Үкімет туралы» конституциялық заңдарына, азаматтардың және ұйымдардың заңды құқықтарына қара­мақай­шылықтар табылған болатын; бірқатар нормалардың сыбайлас жемқорлықтың сипаты көрсетілді. «Іс жүзінде, әңгіме мүлде басқа заң жобасын жазу туралы болып тұр, ол үшін бұл құжаттың сапасы өте төмен болғандықтан ТЖМ-не қайтару қажет. Бірақ, қазіргі кезде рәсімдік шаралар бойынша бұған қол жеткізу мүмкін емес», - деп мойындады депутат. Бұл ретте, Азат Перуашев еске салғандай, Қазақстанда заңнамаға алдын ала сараптама жүргізу жөнінде оң тәжірибе бар. Мысалы, ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы барлық меморгандарды экономика мәселелері жөніндегі заңдар мен бұй­рықтар жобаларын бизнес-қауымдастыққа сараптауға жіберуге міндеттейді. Бизнес-қауымдастық өкілдерінің пікірлері келешекте құжаттарды әзірлеу кезінде ескеріледі.   "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі