Азат ПЕРУАШЕВ: ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЮДЫ ДОҒАРУЫ ҚАЖЕТ

  Салық кодексіне түзетулер ен­гізу туралы заң жобасын да­йындау мен жүргізуді Эконо­ми­ка министрлігіне беру қажет – бұл туралы «Ақ жол» фракция­сының жетекшісі Мәжілістің пле­нарлық отырысында бірінші оқылымдағы «Қазақстан Рес­публикасының салық салу мәсе­лелері бойынша бірқатар заңна­малық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді. «Біздің алдымызда бір қойы­лым ойнатылып жатқандай әсер туындайды: Салық кодексіне тү­зетулер енгізу туралы заң жоба­сын экономика және сауда ми­нистрі таныстыруда, ал оның нақ­ты дайындаушысы Қаржы министрлігі болып табылады. Со­нымен бірге, бұл принци­пиалды мәселе. Біз салық заң­на­масын дайындаумен фискалдық ведомство емес, теңдестірілген эко­номикалық дамуға жауапты органның айналысуы тиіс екенді­гіне сенімдіміз», – деп атап өтті депутат. Оның пікірі бойынша, бұған Қаржы министрлігінің бірыңғай ақша жинауға деген ведомство­лық қызығушылығы себепші, ал кәсіпорындардың аман қалуы мен олардың бәсекеге қабі­лет­тілігінің мәселелері екінші қа­тарда қалып отыр. Азат Перуашев Мемлекет басшысының қазіргі парламент­тік сессияның ашылу кезінде Үкіметке ДСҰ-ға мүше мемлекет­тердің тәжірибесі негізінде өзі­міздің өндірістік кәсіпорында­рымызды қолдау бойынша шара­ларды әзірлеу туралы тапсыр­масын еске салып өтті. Себебі, ДСҰ аясындағы түрлі кедергі­лер­ге қарамастан, әрбір мемлекет іс жүзінде өзінің тауар өндіруші­ле­ріне қатысты протекционистік саясат жүргізеді. «Бұл жерде ең тиімді деген шаралардың бірі ҚҚС-тың са­лалық мөлшерлемесін қолдану болып табылады. Белгілісі, сала­лық мөлшерлемелерді Финлян­дия, Ұлыбритания, Польша, Ис­пания, Канада, Латвия және т.б. елдерде қолданады. Сонымен қатар, ДСҰ-ға кіру алдында заң жобаларымен жұмыс жасау ке­зінде, бізге отандық бизнестің мүд­десі туралы ұмытпау қажет. Себебі ДСҰ-ның салықтық же­ңілдіктерге тыйым салатындығы белгілі, алайда салық салудың салалық мөлшерлемелеріне рұқ­сат етіледі», – деді депутат. Бұл елдердегі ҚҚС-тың жал­пы мөлшерлемесі 24-28 % жағ­дайында, салалық мөлшерлеме­лер 0-ден 5 %-ға дейінгі аралықты құрайды. Олар приоритетті сала­ларға қолданылады: ауыл шаруа­шылығы, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм саласы және т.б. Азат Перуашев біздің мемле­кеттік органдардың аталған ме­ханизмді қасарысқан түрде бай­қамайтындығына қатысты тү­сінбестігін білдірді. Қаржы ми­нистрлігімен дайындалып, ұсы­нылған түзетулер ішінде де олар болмай отыр. – Сіз отандық бизнесті қол­дау­дың бұл түрі туралы білесіз бе және әсіресе алдағы ДСҰ-ға кі­руі­мізді ескере отырып, оны қол­дануды жоспарлап отырсыз­дар ма? – деп Азат Перуашев эконо­мика министріне сауалын қойды. Хабарланып отырғандай, «Ақ жол» партиясының фракциясы екінші оқылымға дайындық ке­зінде талқыланып отырған са­лық салу бойынша заң жобасына тиіс­ті ұсыныстарды кез-келген жағ­­дайда енгізуге ниетті.                                            Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі