Азат ПЕРУАШЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҰТЫМСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ

    Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мем­лекеттік органдардың функ­ция­ларының қайталануы іс жүзінде бюд­жет қаражаттарының ұтымсыз пайда­ланылуы мен тиімсіздікке әкеледі. Бұл туралы Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысындағы 2013-2015 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау кезінде мәлімдеді. Сондай-ақ А.Перуашев өз сөзінде бюд­жет қар­жысын ұтымсыз пайдалануға жол бер­меу қажеттігін атап өтті. Парламенттік фракция жетекшісі қаржы министрі Болат Жәмішевке келесідей сауал жолдады. Кәсіпкерлікті қолдау және дамы­ту жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ор­ган – Экономика және сауда министр­лігінің профильдік Комитеті болып табылады. Оның үстіне «Даму» қоры кәсіп­керлерге практикалық көмек көрсету бойынша мемлекеттік оператор ретін­де белгіленген. Аталған органдар кәсіпкерлікті қол­даудың мемлекеттік саясатын іске асыруға бағытталған барлық кешенді іс-шараларды жүргізеді, оқыту және қаржылық шараларын қоса алғанда. Мысалы, «Даму» қоры іске асырып жатқан «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасында «Жаңа бизнес-бас­тамаларды қолдау» (бірінші бағыты) тікелей қарастырылған. Ал «Кәсіп­кер­лік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағытында «Назарбаев – Универси­теті» базасында шағын және орта биз­несті, бастаушы кәсіпкерлерді оқыту сияқты шаралар белгіленген. Экономика және сауда министр­лігінің бюджетіне осы бағдарламаның тек үшінші және төртінші бағыттарына 2013-2015 жылдарға 16 млрд-тан астам теңге қарастырылған. Оның үстіне облыстардың бюд­жет­теріне «Бизнестің жол картасы» бағ­дар­ламасына тағы 40 млрд-тан астам теңге бөлінген. Оған қарамастан, «Жұмыспен қам­ту–2020» бағдарламасының аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігіне кәсіпкерлікке үйре­ту үшін (яғни, аталмыш мақсаттарға) тағы да 1 млрд 100 млн теңге бөлініп отыр. Кәсіпкерлікке оқыту сөзсіз маңыз­ды және керек жұмыс, – деп санайды «Ақ жол» партиясы. Алайда әлеу­­меттік органдардың қызметкер­лері бизнеске оқыта ала ма және нақты қандай биз­неске? «Қойшы көп болса, қой арам өледі» дегендей болмасын. Сонымен кәсіп­керлерді оқытуға кім жауапты екенін бізге анық айтсаңыз?» – деп Азат Перуашев өз сауалын жеткізді. Депутаттың сауалына жауап бере отырып, Б.Жәмішев мұндай қайта­лау­­дың бар екендігін мойындады жә­­­­не оны жою бойынша мемлекеттік орган­дардың жұмыс жасайтындығын айтты. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі