«Ақ жол» партиясы өндірушілердің мүддесін қорғауға мүмкіндік туғызды

Қазақстанның «Ақ жол» Демокра­тия­лық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің Сүт одағының «ашық хатына» қатысты түсіндір­месі: Бүгін бірқатар жаңалықтар агенттіктерімен Сүт одағының маған бизнестің осы саласының мүддесіне «қарсы әрекет жасауда» деген тікелей айыптаушылықтар таққан «ашық хаты» таратылды. Өкінішке орай, партияға бұл құ­жаттың өзі келіп түскен жоқ, сондық­тан маған қатысты білдірілген кінәрат-талаптар туралы тек ғаламтордағы жа­рия­ланымдар бойынша ғана пікірімді білдіре аламын. Егер жеке мінез-құлыққа қатысты сезім мен жазғыруды былай қойған кезде, тек олардың екеуі ғана қалады. 1. «Ақ жол» партиясының депутат­тарымен «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 23-бабына енгізілген тү­зетулердің нәтижесінде ұйымдар стан­дарттары өнімді әрі қарайғы өткізу үшін қазірдің өзінде оны өндіруге қол­даныла алмайтын тәрізді, ал бұл «іс жүзінде өндірістің тоқтауын» білдіреді. 2. «Ақ жолмен» енгізілген түзетулер сүт өндірушілерді «коммерциялық құпияны» ашуға мәжбүрлейді, себебі «Ұйымдар стандарттарында... техноло­гиялық операциялар, рецептуралар ... және көптеген басқа­ла­ры көрсетіледі, ал бұл өндірушінің бәсекелестік ар­тықшылықтарын қам­та­масыз ететін кәсіпорынның коммер­циялық құ­пия­сы болып табылады». Ал мәтіннің қалған бөлігі - тек сүт саласының ғана емес, сондай-ақ жалпы қазақстандық бизнестің мүддесіне қатысты «сатқындық» деген қызу­қан­ды айыптаулар (тіпті шектен шығып) мен күдіктенулер. Хат авторларының аталған мәселені тікелей менімен алдын ала талқыламай, бірден шулата баспасөз құралдарына жүгінуі түсініксіз. Бір-екі күн бұрын ғана мен Сүт одағының төрайымы, «Фудмастер» компаниясының бас ди­ректоры А.Серғазиновамен осы сала­ны қолдауға қажетті шаралар жөнін­де сөйлескен едім. Сол кезде маған мүлде басқа мәселелер айтылды және мен оларды ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің қатысуымен өткен үкімет са­ғатында көтердім. Бұл мәселелер бас­пасөз беттерінде жарияланды. Со­­ны­мен қатар, басқа да мәселелер бо­й­ынша Аида Халелқызы, партияның Орталық кеңесінің мүшесі ретінде, менімен кез келген уақытта ешқандай кедергісіз хабарласып тұрады және қа­жет жағдайда өз саласының өкіл­- де­рі­­мен кездесулер ұйымдастырады. Оның қарауындағы, қауымдас­тықтың атқарушы директоры В.Ко­жевниковтың қолданған тәсілі туралы пікір білдірсем, бұл жерде біздің пар­тияның қызметіне деген сенімсіздік тудыруға қатысты дөрекілеу талпыныс, сондай-ақ Парламент депутаты ретіндегі менің ұстанымыма ықпал жасау орын алып отыр. Сонымен бірге, хат авторы бұл тал­пынысымен техникалық реттеу мәсе­лелеріне қатысты өзінің біліксіздігін көрсетті. Есесіне Перуашев мыр­заға «қысым жасауға» деген құлшынысын біреуге (кімге?) айқын түрде көрсетті. Қандай жағдай болса да, А.Серғазинова ханым бүгінгі болған әңгіме барысында «ашық хат» бастамашылдығының қауым­дастық мүшелерінен шығу мүм­кіндігін үзілді-кесілді теріске шығарып отыр. Сүт одағы төрайымының айтып отырғанындай, жалпы алғанда оның әріптестерінің «Ақ жолға» емес, уәкі­летті мемлекеттік органдарға кінәрат-талаптары болған. Жарайды, мұның барлығы лирика. Маған қатысты айтылған «айыптау­ларға» қатысты жауап беремін. Кожевников мырзаға заңнаманы зерттеу үшін ерінбеген жөн. 1) Ұйым стандарттарын қолдану бойынша шектеулерге қатысты жағдай келесідей: кәсіпорындарға өздерінің ұйым стандарттары бойынша жұмыс істеуге және өзіндік өндіріс техноло­гия­сын қалыптастыруға ешкім тыйым салмайды. Яғни, ұйым стандарттарына тыйым салу кесірінен ешқандай «кә­сіпорынның тоқтап қалу қаупі» ешкімге төнбейді. 2) Шындығын айтқанда, мемлекеттік органдар тарапынан ұйым стан­дарттарын «бекіту» немесе «бекітпеу» құқығын өздеріне алып қою талпы­ны­сы болған еді, алайда дәл «Ақ жол» партиясының депутаттары кәсіпорын­дардың мүдделерін негізге ала отырып, олардың өздерінің стандарттарын өз­дері қабылдайтын және өндірістік, технологиялық процестерді анықтай­тын құқықтарын қорғап қалды. Сондықтан біздің кәсіпорындарға «коммерциялық құпияның» шығып кету қаупі де төніп тұрған жоқ, тіпті бұл «Ақ жол» партиясының принциптік ұстанымының арқасында болып отыр. 3) Бірақ бұл мәселенің екінші жағы да бар: себебі тауарларды тек өндіріп қана қоймай, сондай-ақ оларды сату қажет. Тауарлардың нарыққа айналымға шығарылуы сәйкестікті растау жолы­мен жүргізілетіндігі бәріне мәлім және бұл тәсіл біздің азаматтарымызды са­пасыз немесе денсаулыққа зиянды өнім­дерден қорғайды. Беларусь Рес­пуб­ли­касындағы, Қазақстан Республи­касындағы және Ресей Федерация­сындағы техникалық реттеудің бір­ың­ғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 6-бабының 1 тарма­ғын келтіремін: «Кеден Одағының тех­никалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) мақсат­тары үшін халықаралық, өңірлік стандарттар, ал олар болмаған жағдайда (өңірлік стандарттар қабылданғанға дейін) Тараптардың ұлттық (мемлекеттік) стандарттары қолданылуы мүм­кін». Осылайша, ұйымның ішкі стандарт­тары өнімнің нарыққа шығуына жол беретін негіздемелер тізіміне кірмейді. Сондықтан өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы кәсіпорын­дардың өздерімен анықталады. Ал тауарды айналымға шығару кезінде ол біздің азаматтарымыздың (тұтынушы­лардың) қауіпсіздігі үшін мемлекеттік органдармен қабылданатын белгіленген нормаларға сәйкес болуы тиіс. Көрсетілген Келісімге Қазақстан­ның, Ресейдің және Беларусь үкімет­терімен 2010 жылдың 18 қарашасында қол қойылған, яғни біздің техникалық реттеу туралы заң жобасымен жұмыс істеуімізден екі жыл бұрын болған. Басқаша айтқанда, өнімді өткізу үшін ұйым стандарттарынан бас тарту расында орын алып отыр, бірақ ол біздің «қалауымызбен» емес, күшіне енген Кедендік Одақтың мемлекетара­лық Келісімінің нормаларының негізінде жасалып отыр. Және бұл нормалар міндетті болып табылады. Солай болса да, нақты жағдайды және біздің кәсіпорындарымыздың мұндай реттеуге дайын еместігін біле отырып, дәл «Ақ жол» партиясының депутаттары қазақстандық өндіруші­лердің (олардың қатарына Сүт одағы да жатады) мүддесі жолында ұйым стандарттарын 2014 жылға дейін қол­дану үшін Заңға екі жылдық өтпелі кезеңді енгізді. Яғни, «ашық хаттағы» В.Кожевников мырзаның жалған «кінәрат-та­лаптары» тақырыпқа сай емес және тиісті жаққа жолданбаған. Дәл «Ақ жол» партиясының берік ұстанымы­ның арқасында ұйым стандарттары өнімді нарыққа шығару үшін әлі де екі жыл қолданылатын болады, және бұл себеп бойынша кәсіпорынның тоқта­тылу қауіпі ешкімге төніп тұрған жоқ. 4) Сонымен бірге, қазіргі кезде мем­лекетішілік келісуде сүт және сүт өнімдеріне қатысты Кедендік Одақтың Техникалық регламентінің қаралып жатқандығын есепке алу қажет. Оның күшіне енуі де ұйым стандарттары бойынша өнімді айналымға шығару мүмкіндігін жоққа шығарады. Сондықтан, егер кімде-кім алдағы уақытта да өздерінің стандарттарын өнім қауіпсіздігі нормаларына сәйкес­тендіруді жоспарламай отырса, онда мұндай кәсіпорындар үшін шын мәнінде болашақ туралы ойлануға тура келеді. Бизнестің мүддесімен бүркеме­лене отырып, тұрғындардың қауіпсіз­дігін құрбандыққа шалуға бізге де, сізге де ешкім рұқсат бермейді. Бизнес, әрине, жақсы іс, бірақ оның түпкі мақ­саты жеке өзіңнің баюың ғана емес, экономиканы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, адамдарға қа­жетті және сапалы тауарларды шығару болуы тиіс. Дайындалыңдар, өздеріңнің стан­дарт­тарыңмен жұмыс істеңдер, технологиялар мен инновацияларды дамы­тыңдар, өздеріңнің өнімдерің мен оның тұтынушылық сапасын жетіл­діріңдер. Бұл тек сүт өндірушілерге ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық кәсіпкерлеріне қатысты жағ­дай. Бұл туралы Мемлекет басшысы әр­қашан айтып келеді және бұл Кедендік Одақтағы бәсекелестіктен туындап отыр. Оның үстіне, Заң аясында, «Ақ жол» партиясының және жеке өзімнің табанды талаптарымыз бойынша, ұйым стандарттарын, кейін оларға ұлттық, сосын мемлекетаралық стандарттар дәрежесін беретін, алдын ала ұлттық стандарттарға бейімдеу мүм­кіндігі қосымша түрде енгізілді. Осылайша, «Ақ жол» партиясы қа­зақстандық өндірушілерге, өздерінің өндіретін өнімдері үшін талаптарды Кедендік одақтың барлық территория­сына тарата отырып, техникалық реттеу құралдары арқылы өздерінің мүд­делерін қорғауға және мүдделік қол­дауға бірегей мүмкіндік туғызды. Біздің қатысуымызбен жаңғыр­тылған техникалық реттеу туралы заң­намада Кедендік одақ аясында қазақ­стандық бизнес үшін нақты бәсекелік артықшылықтар туғызатын бірқатар басқа да жаңалықтар енгізілген. Осы жағдайды пайдалана отырып, аталған заң жобасына қатысты бірлесе жұмыс жасағаны үшін Индустрия және жаңа технологиялар министр­лі­гінің бір топ қызметкерлеріне ризашы­лығымды білдіргім келеді. Нәтижесін барлық отандық кәсіп­кер­лердің кәдеге жаратуына болатын, біздің тарапымыздан жасалған ауқым­ды жұмыстың беделін кімнің және қандай мақсатпен түсіргісі келгендігі мен үшін мүлде түсініксіз. Біз Индустрия министрлігіне жаңа енгізілімдер мен бизнес үшін ашыла­тын мүмкіндіктер бойынша түсіндіру жұмыстарын бастауды табандылықпен ұсындық. Түсіндіру жобасы техни­калық реттеу комитетіне бір ай бұрын жолданған болатын. Мүмкін, ресми түсіндіру жұмыстарының болмаған­дығы сүт саласындағы біздің әріптес­теріміздің осындай іс-әрекетке ба­руына себеп болған шығар. Жақын арада бірлескен түрде бас­па­сөз конференциясын өткізуге үміт­тімін, сонда осы өзімнің түсініктемемде қозғалған мәселелер туралы егжей-тегжейлі айтатын боламыз. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі