«Ақ жол» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қасқайып қарсы тұрмақ

         «Ақ жол» партиясының талабымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметі­нен босатылды. Таяуда «Ақ жол» пар­тиясы­ның парламенттік фракция­сы­ның атына ҚР Қаржы министрі Болат Жә­мішевтің қолы қойылған ресми хат келіп түсті.  Естеріңізге сала кетсек, тамыз айы­­ның соңында жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша Шымкент қала­сында өткен конференцияда «Ақ жол» партиясы ОҚО бойынша Салық комитетінің төрағасын қызметінен босату туралы талабын айтқан еді. ҚР ҚК 192-бабын алып тастау ту­ралы бизнес-қоғамдастықтың ұсы­ныс­тарын талқылау барысында, ұйым­дасқан қолдаусыз және салық ор­­гандарының «қамқорлығынсыз» жалған кәсіпорындардың іс-әрекеті­нің іс жүзінде мүмкін еместігіне конференцияда ерекше назар аударылған болатын. Сонымен қатар кәсіпкер­лердің пікірінше, жалған кәсіпорын­дар сол салық органдарының қызмет­кер­лерімен адал кәсіпкерлерді жолдан тайдыру және кейін қудалау үшін пайдаланылады. Көбінесе бопсалау­шы­лық мақсатында. Дәл осы Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған жағ­дай осыған кезекті бір дәлел болып отыр. Жергілікті кәсіпкерлер айтқан­дай, осы жылдың 21 мамырында облыстық салық комитеті төрағасының орын­­- ба­сары А.Садықов ұсталған. БАҚ мәлі­мет­тері бойынша, ол бюджетке 3,4 млрд теңгеден астам сомаға зиян келтірген 6-дан 90-ға дейінгі жалған кәсіпорындарға, әр түрлі мәліметтер бойынша, қамқорлық көрсеткен. Бұл фактіні осы конференцияда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша эконо­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары С.Утембаев растады. Сол кезде Азат Перуашев не об­лыстық комитет төрағасының өз еркімен қызметінен бас тартпағанына, не оның қаржы министрлігіндегі басшы­лығының өзінің қызметкерінің аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық үшін қамауға алыну фактісіне ешқандай мән бермеуіне таңданысын білдірген болатын. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция көшбасшысы Мемлекет бас­шысының қойып отырған талаптарын және бірінші басшылардың тікелей қарамағындағылардың сыбайлас жем­қорлық қылмысы үшін саяси жауапкершілігі туралы мемлекеттік қыз­мет нормаларының талаптарын еске салып өтті: «Президент осындай жағ­дайларда шенеуніктердің қызметінен кетуі қажеттігі туралы бірнеше мәрте айтқан болатын және ол кісі дұрыс мәлімдеді. Себебі сіздің орынбасары­ңыз миллиардтап ұрлап жатқанда, сіздің оған қатыспауыңыз, тіпті аңғар­мауыңыз мүмкін емес жағдай». Конференциядан кейін бірден фракция депутаттарымен қаржы министріне және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасына, орын­басарының сыбайлас жемқорлық пен жалған кәсіпкерлікке жәрдем бергендігі үшін айыпталуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық салық комитеті төрағасының қызметінен кетуін талап ететін, тиісті сауалдар жол­данды. Қаржы министрлігінің жауап хатын­да «қазіргі кезде Ж.Нүсіпов Оң­түстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы қыз­метінен босатылды» деп көрсетілген. Кеше ғана ҚР Парламенті Мәжі­лісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті келіп түскен экономикалық сферадағы құқық бұзу­шылықтарды одан әрі декриминализациялау туралы заң жобасын тал­қылау барысында Қылмыстық кодекстен 192-ші «Жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастау туралы «Ақ жол» пар­тиясының ұсынысын қолдаған­дығы белгілі болды. «Ақ жол» партиясы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы әрекет ету мен сай­лау­шыларының заңды құқықтарын қорғау бойынша қызметін жалғас­ты­руда. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі