ТАСТАНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ БҰЗЫЛУДА
2012 ж. 24 қыркүйек
2012
2
Мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан алименттер көлемін қайта есептеу мыңдаған тастанды балалардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеліп соқты – бұл туралы Е.Никитинская бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясының атынан жария етілген депутаттық сауалда айтып өтті.
Депутаттық сауалда атап өтілгендей, балалардың өмірін жақсарту үшін әлеуметтік қорғау саласындағы бірқатар бағдарламалардың іске асырылуымен қатар, бүгінгі күнге дейін ата-анасының бірі тастап кеткен, мүшелері толық емес отбасы-
лардағы балалардың құқығын қорғау мәселесі тым осалдық танытып тұр. Бұл жағдай осындай балаларға заңмен алимент төлету шарасының қарастырылғандығына қарамастан орын алуда.
Мәселен, биылғы жылға дейін, «Атқарушы өндіріс туралы» ҚРЗ 99-бабының 3 тармағына сәйкес алиментті төлеуден жалтарған жағдайдағы борыш сомасы балаларды тастап кеткен ата-ананың тұрғылықты аймағындағы орташа еңбекақы мөлшерінің негізінде анықталып келді. Ел бойынша орташа алғандағы аймақтар бойынша орташа айлық еңбекақы мөлшері бүгінгі күні 105 мың теңгені (Статистика агенттігінің мәліметтері) құрайтындығын есепке алсақ, бір балаға айына шамамен 26 мың теңгеден келді.
Алайда, былтырғы жылы ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі қабылданғаннан кейін, қаңтар айынан бастап алимент бойынша борыш мөлшері айлық еңбекақының ең аз мөлшері негізінде анықтала бастады. Бұл айына бір балаға есептелетін соманың бұрынғы
26 мыңнан 4 мың теңгеге дейін төмендеуіне әкеліп соқты.
«Ақ жол» партиясының депутаттарының атына хабарласқан азаматтардың ақпараттары бойынша, бүгінгі күні шынайы мақсаты жауапсыз ата-аналардың борыштары бойынша берешекті жауапты мемлекеттік органдардың алдамшы түрде «статистиканы жақсарту үшін» формальды «төмендетуі» болып табылатын алименттер мөлшерлерін жаппай қайта есептеу жүруде.
«Ақжолдықтар» мұндай тәсілдің жауапсыз ата-аналардың әлеуметтік жауапсыздығының өршуіне жол беретіндігіне, тастап кеткен балаларына берілетін төлемдерді тез арада азайту мақсатында оларды еңбек қызметінен жалтаруға итермелейтіндігіне сенімді.
«Бірқатар жағдайларда жауапсыз ата-аналар өздерінің тастап кеткен балаларына қарыз болмай, керісінше, ата-анасының көзі тірісінде жетім қалған балалардың қайта есептеу нәтижесінде тастап кеткен ата-аналарына «қарыз» болып қалулары мүмкін. Осындай жағдайға тап болған балалар үшін, бәлкім бұл аспан айналып жерге түскенмен бірдей шығар», - деп атап өтті депутат Е.Никитинская.
«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы мұндай бұрмалауларға жол беруге болмайды деп есептейді және Ең-
бек және әлеуметтік қорғау министрлігінен айтылған мәселеге жан-жақты зерттеу жүргізуді және қажет жағдайда, тастанды балалардың мүддесін қорғау үшін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
«Ақ жол» партиясының депутаттары кез келген жағдайда депутаттық бастамшылдық құқын пайдалана отырып, заңнамаға тиісті өзгерістерді дайындайтындарын мәлімдеді.
Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметі