Азат Перуашев: Бай және кедей азаматтардың арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты қысқарту керек

3
1069

Әлеуметтік жаңғыртудың ең ма­ңызды міндеттерінің бірі бай және кедей азаматтардың арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты қыс­қарту болуы тиіс – бұл туралы «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев Президент Н.Назарбаевпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын талқылауға орай 20 шілдеде өткен партияның орталық кеңесінің пленумында мәлімдеді.
Осы бағдарламаның тұсаукесерінде Мемлекет басшысы: «Қазақстан объек­тивті түрде орташа Еуропа ел­дерінің әлеуметтік даму сапасы дең­гейіне нақты жақындады… Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны ма­ңызды мәселе болып табылады»,– деп атап өтті.
«Ақ жол» партиясы төрағасының пікірінше, әңгіме мына мағынада қоз­ғалып отыр: «…жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіштеріне қарамастан (еуропалық деңгейге жеткен), еліміздегі шынайы өмірді «еуропалық дең­гейде» деп атау қиын. Және оның негізгі себебі – дәл осы кедейлер мен бай­лар арасындағы үдемелі алшақ­тық­та болып тұр».
Бұл алшақтық кәсіпкерлерді жолдан тайдырады және жастарды азды­рады, әлеуметтік инфантилизм секілді құбылысқа себепші болады. Бұл ту­ралы Президент былай деді: ол «әлеу­меттік жаңғырту жолындағы айтар­лықтай кедергі», себебі «игілікке же­­тудің алдамшы формуласы – «аз жұмыс істеп, көп табуды» абсолютке көтерді».
Парламенттік оппозицияның лидері атап өткендей, қазақстандық сарап­шылар өздерінің бағалары бойынша (А.Кошанов, ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігінің экономика институтының әлеуметтік-бағдарланған экономика теориясы орталығының меңгерушісі), децильдық коэффициент (кедейлер табыстарынан байлардың табыс­тары­ның артықтығы) бізде 30 (!) есеге жетіп қалды, ал дамыған елдерде ол 5-тен аспайды.
Басқа сөзбен айтқанда, біз сырттан қарағандағы ІЖӨ игілігімен және көрсеткіштерінің еуропалық деңгейге жақын болғанымен, орташа қазақ­стандықтың әл-ауқат деңгейі бойынша біз еуропалықтардан 6 есеге дерлік артта қалып тұрмыз.
«Осы артта қалушылықты қыс­қарту, ұлттың әл-ауқатын теңдей үлес­тіруді қамтамасыз ету «Ақ жол» пар­тиясының пікірінше, мемлекеттік органдар үшін әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы ба­сымдықтардың бірі болуы тиіс», – деп Азат Перуашев сеніммен айтты.
Мәжіліс депутатының пікірі бо­йынша, тек «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» құру азаматтарды еңбек қызметіне тарту арқылы ғана емес, сондай-ақ оларды ұлттық табысты қайта үлестіру жүйесіне қосу арқылы да әрі қарайғы байлар мен кедейлерге бөлінуге баламаны қалыптастырады.
«Әрбір қазақстандықты ұлттық экономиканың жетістіктеріне қатыс­тыруды ірі компаниялар немесе бюджеттік мекемелердегі жұмыс арқылы да, сондай-ақ үкіметтік емес сектор­дағы жаппай құрылымдар, шағын және орта бизнес арқылы іске асыру мүмкін болып табылады.
Ал бұл жердегі басты жағдай – қайта үлестіру жүйесінің ашық және әділ жұмыс істеуі» – деп Азат Перуашев атап өтті.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік жаңғырту мемлекеттің зайырлы сипатын

нығайтуға кепілдік беруі тиіс

Әлеуметтік жаңғырту қоғамның рухани өмірінде болып жатқан үдерістермен санасуы, мемлекеттің зайырлы сипатының және білім жүйесінің нығаюына кепілдік беруі, экстремизм мен діни радикализмнің әлеуметтік алғышарттарын барынша төмендетуі тиіс – бұл туралы Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевпен ұсынылған «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай

20 қадам» әлеуметтік жаңғырту бағдар­ламасын талқылау барысында «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің пле­нумында партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.
«Азаматтарды қоғамдық пайдалы ең­бекке прогрессивті түрде тартуға бағыт­талған әлеуметтік жаңғыртудың үдерістері бейәлеуметтік мінез-құлықпен және діни, тіпті экстремистік сипаттағы жалған құн­дылықтармен бетпе-бет келуі мүмкін. Өкінішке орай, осындай пиғылдағы ағым­дардың арамызға тереңдей еніп және жас­тардың олардың алғашқы құрбандарына айналып жатқандығын көріп отырмыз» – деп парламент депутаты Азат Перуашев өз сөзінде айтып өтті.
Сондай-ақ ол таяуда ғана терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі жиында айтылған Президент Н.Назар­баевтың сөздерін еске салды: «…елде радикалды және экстремистік элементтер жалпы алғанда мемлекет пен қоғамға толық масштабты түрде қысым көрсетуде… 2011-2012 жылдардың өзінде терроризм және экстремизммен байланысты жүзден аса қылмыс жасалған. Ондаған азамат пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың құрбандарына айналды».
«Сондықтан әлеуметтік жаңғырту бағ­дарламасын осындай қауіп-қатерді еңсеру, қоғамның жағымды көңіл-күйін қалып­тастыру мен біздің халқымызға тән емес және азаматтарымыздың бойына сырттан сіңіріліп жатқан жалған құндылықтарды жаппай қабылдамау жолында пайдаланған маңызды» – деді «Ақ жол» партиясының лидері.
«Экстремизм теңсіздік, әділетсіздік, жұмыссыздық және өмірлік перспек­ти­ваның болмауы түріндегі әлеуметтік ал­ғышарттары бар жерлерде пайда болады.
Президентпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы бұл талаптарға нақты балама болып отыр. Біздің міндетіміз – осы конструктты па­расатты түрде іске асыру» – деп атап өтті Азат Перуашев.
Байлар мен кедейлер арасындағы ал­шақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы тұрумен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және тағы да басқаларымен байланысты бүгін «Ақ жол» партиясымен айтылған ұсыныстар ақыр соңында біздің елімізде үдемелі, әділ және ауқатты қоғамды қалыптастыру жолындағы Н.Назарбаевпен ұсынылған әлеуметтік жаңғырту бағдар­ламасына іс жүзіндегі жәрдемдесуге бағыт­талған» – деп толықтырды ол.
Азат Перуашев партия филиалдары мен Орталық кеңеске бір айлық мерзім ішінде түсіп жатқан бастамаларды жи­нақтап және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша «Ақ жол» партиясының жобасы ретінде бекітуге енгізуді тапсырды.
Осыларды негізге ала отырып, «Ақ жол» партиясының парламенттік фрак­циясы сондай-ақ заң шығарушылық қыз­метінде өзіндік тәсілдерін қалыптас­тыра­тын болады, ал қажет жағдайда тиісті заң жобаларын дайындайтын болады.

 

«Ақ жолдың»  парламенттік фракциясы басшылығы  

Қарағанды облысында болды

2012 жылғы 25 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: «Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі А.Перуашев пен Фракция жетекшісінің орынбасары Е.Никитинская Қарағанды облысының сайлау­шы­ларымен кездесті. 

Кездесу барысында Мәжіліс депуттары Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобалары мен ақжолдық халық қалау­лыларының жасаған депутаттық сауал­да­ры, Мәжілістегі Фракция жұмысының алғашқы нәтижелері туралы айтып берді. Соның ішінде сәуір айындағы қараған­дылықтармен болған кездесудегі «Ақ жол» партиясы депутаттарының атына түскен хаттар бойынша мәлімет берді.
Сондай-ақ кездесу қатысушылары Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен ұсы­нылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағ­дар­ламасын талқылады. А.Перуашев кездесуге келгендерді аталған бағдарламаға тікелей қатысы бар, алайда оны іске асыру жоспарында тиісті деңгейде көрініс таппа­ған «Ақ жол» партиясының ұсыныстары туралы хабардар етті. «Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, сы­байлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекеті­мен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және т.б. байланысты біздің ұсыныстар ең ақырында осы Бағдарламаны нәтижелі іске асыру жолында практикалық жәрдемдесуге ба­ғытталған», – деп А.Перуашев атап өтті.
Қарағандылық сайлаушылар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қорғау бойынша Фракция тарапынан қолға алы­нып жатқан шараларға және әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша айтылған партия ұсыныстарына оң бағасын берді.
Кездесу барысында Мәжіліс депутат­тары басым бөлігі шағын және орта кә­сіпкерлікке қатысты, соның ішінде салық салу, шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу, ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты сайлаушылар сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ білім беру сапасына, жұмысқа орналасуға, Желтоқсан оқиғасы­ның қатысушыларына қатысты мәселелер көтерілді. Кездесуге келген кәсіпкерлер жағы несиелеудің тиімсіз шарттары кесірінен өздерінің несие алу мүмкіндіктерінің жоқтығын жеткізді. Мысалы, ШОБ-ті несиелеуге тиісті қаржылық ұйымдар тек ірі бизнеске ғана несие береді екен және несие сомасының 120 %-ын құрайтын кепілдікпен қамтамасыз етуді талап етеді. Соны­мен қатар, кәсіпкерлердің айтуы бойынша, қаржы институттарының аймақтық фи­лиалдарының несие беру бойынша шешім қабылдауға құқықтары жоқ, сол себепті кез келген мәселе бойынша оларға астанаға баруға тура келеді. Тіпті несие алу өтініш­терін қарау мерзімін екі жылға дейін созу секілді мысалдар келтірілді.
Мәжіліс депутаттары кездесуге келгендерге барлық өтініштерінің, ұсыныс­тары­ның және кездесу қорытындысы бойынша алынған ақпараттың қаралатындығын жә­не «Ақ жол» ҚДП фракциясы мен депутат­тарының алдағы қызметінде пайдаланыла­тындығын айтты. «Біз аймақтардағы осын­дай кездесулер барысында Қазақстан халқының алдындағы өзіміздің міндеттерімізді орындау бойынша алдағы қадамдары­мызды толығырақ нақтылайтынымызға үміттіміз», – деді А.Перуашев.
Күннің екінші жартысында Мәжіліс депутаттары облыс әкімінің м.а. Г.Мұхам­бетовпен кездесті. Оның барысында сай­лаушылар тарапынан көтерілген проблемалар айтылып, әрі қарайғы ынты­мақ­-
тастық мәселелері талқыланды.


3 ПІКІРЛЕР

  1. Кәріс,үнді,өзбек қаржыландыратын партиялар да пайда болулары мүмкін, таңданатын ештеңесі жоқ,бауырым. Қазақстанда бәрі бола береді!

  2. Осы Ақжол партиясы туралы сұрагым бар еді:

    Қалай еврей бизнесменімен қаржыландырылатын партия қазақ ұлтының мүддесін білдіре алады???

  3. Осы Ақжол партиясы туралы сурагым бар еді:

    Қалай еврей бизнесменімен қаржылардырылатын партия қазақ ұлтының білдіре алады???

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз