"АҚ ЖОЛ" ҚДП Парламенттік фракциясы

  Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы жаңа рұқсат беруші және бюрократиялық процедуралардың пайда болуына алып келетін нормативтік актілерді қабылдауға мораторий жариялауды ұсынады «Ақ жол» партиясы қандай да болсын атаулармен бүркемеленсе де, жаңа рұқсат беруші және бю­рократиялық процеду­ралар­дың пайда болуына алып келетін нормативтік актілерді қабылдауға мораторий жариялауды ұсынады – бұл туралы Азат Перуашев бүгінгі пленарлық отырыста ҚР Пре­мьер-Министрінің атына жолда­ған депутаттық сауалында мәлім­деді. Сауалда атап өтілгендей, рұқ­сат беру жүйесін либерализациялау бойынша Үкіметпен жүр­гізіліп отырған жұмысқа қа­ра- ­мастан бұл өзгерістер кәсіпкерлер үшін іс жүзінде бір мәнді болмай отыр. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына елі­міздің жетекші бизнес-бір­лес­тігінің атынан Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономи­ка­лық палатасын қоса алғанда, кә­сіпкерлер жүгінуде. Олар ли­цензияланатындардың тізбесінен бір қызмет түрлерін алып таста­ғанда уәкілетті мемлекеттік органдар дәл сол қызметке «лицен­зиялардың» орнына неше түрлі «аттестаттау», «аккредиттеу», «рұқ­сат беру», «тексеру» және с.с. деп қайта атап, жаңа рұқсат түр­лерін іле-шала енгізетін мысал­дарды келтіреді. Сонымен, «Лицензиялау туралы» заңынан сәулет және қала құрылысы қызметіндегі сараптау мен инжинирингтік қыз­метінің лицензиялауы алынып тасталды. Бірақ «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен осы сияқты жұмыстар мен қызметтерді жүр­гізетін мамандардың міндетті ат­тестаттауы енгізілді. Басқа сөзбен айтқанда, компанияға бір лицен­зияның орнына кәсіпкер әр ма­манға бірнеше аттестат алуы тиіс. Нәтижесінде, бүгінгі таңда осы нарықта жұмыс істейтін бар­лық компаниялар ГАСК талабы бойынша міндетті түрде қызмет­керлерінің аттестаттауын өткізеді, бірақ бұрын лицензияларды ал­ғанда құзыретті мамандар бойын­ша ұқсас талаптар олармен орын­далған болатын. Мемлекеттік органдардың биз­неске жаңа рұқсат беру бөгет­терді туындататын заңға тәуелді актілерді жасау фактілері бар. Мәселен, «Қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қа­уіп­сіздік туралы» заңында кә­сіпорындарды аттестаттаудың 4 түрі алынып тасталды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігімен ұйымдарды аттестат­таудың 9 жаңа түрі бекітілді. Оның үстіне аттестаттауға талаптар едәуір қатайтылған, бұл бұрын жұмысқа жіберілген кәсіпорын­дардың қайта аттестаттауын жүр­гізуге талап етті. Көлік және коммуникация­лар министрлігімен алынып тастал­ған лицензияның орнына осы қызмет түріне кәсіпкерді «жіберу карточкасы» деп аталатын енгізілді, бұның сыртында бұрын лицензиялауға жатпайтын басқа бірқатар қызмет түріне лицензиялау енгізілді. «Жіберу карточ­касын» алу рәсімінің өзі бұрынғы лицензияға қарағанда қиынырақ болды және шығындарды талап етеді. «Рұқсат бөгеттерін қалай жа­ңа­дан атасаң да – «лицензия» ма, «аттестаттау ма», «жіберу» ме жә­не басқа – бизнеске одан жеңіл болмайды. Халқымыз айтқандай: «Торғайды таспен ұрсаң да – торғай өледі, тасты торғаймен ұрсаң да – торғай өледі», -деп А.Перуашев атап өтті. «Мемлекет басшысының тап­сырмаларына қарамастан, мемлекеттік органдар «қысқартылатын» рұқсат беруші функциялардың орнына өздері бақылайтын сфера­­ны табандылықпен жаңа­дан шығарып отырады», – деп парламенттік оппозиция көш­бас­шысы түйіндеді, – «Сонымен, бизнесті бопсалау мен бөгет жасау үшін кең сыбайлас жемқорлықтық өріс сақталынады, сондай «қыз­меттердің» құны ғана өзгереді, бірақ жақсы жағына емес». «Ақ жол» Фракциясының де­путаттары кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуде рұқсат беру процедураларын техникалық реттеу, ұйымдар стандарттары және жауапкершілікті сақтандыру жүйесімен ауыстыру бойынша дамыған экономикалар тәжіри­белерін ескеру қажет деп санайды.  «Ысырапшылдыққа жол жоқ»   Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Биыл да ысырапшылдықтың қайталанатын түрі бар. Елі­мізде бұрын-соңды болмаған өткен жылғы рекордтық астық өнімінің қалдығы қалуда. Отандық аграршылардың элеватор­ларды алдағы жаңа өнімге босатуға берген уәделеріне қара­мастан, қоймалардың бәрі дәнге толы. Ауыл шаруашылық ми­нистрлігінің айтуы бойынша өтпелі қалдық болып саналатын астық өнімі шетелдегі тұтынушылардың тұрақты сұранысына қарамастан, тұқым себуге және азық-түлік қажеттіліктерге жұмсағанның өзінде астық сақтау қоймаларында 6,5-7 миллион тоннаға жуық қалдық қалуда. Тағы бір айта кететін жай, ол әр жөнелтілген тоннаның орнына келесі кезекте тұрған астық партиясы түсуде, бұл шаруалардың өзінің жеке қамбасында, ашық аспанның астында сақтаған, өткен жылы жинап алынған астығы. Үкіметте 2012 жылғы егіс науқанына дайындық қалай жүріп жатқандығы туралы есеп бергенде Ауыл шаруашылық министрі егіс жұмыстарын табысты ұйымдастыру тақырыбында шаруаларды жанар-жағар маймен уақытылы қамтамасыз ету, несие алу үшін барлық жағдайлар жасалынып жатқандығы және егін алқаптарындағы техникалар 100 %-ға дейін дайын екендіктерін ерекше ынтамен жеткізуде, ал элеваторлардың өткен жылғы астықпен толып тұрғандығы жөнінде мәселе үстіртін ғана айтылып өтті. Бұл рекордты ауыспалы қалдық алаңдаушылық туғызуда. Бұл Ауыл шаруашылық министрлігінің бұрыннан айтып келе жатқан үлкен жүйелі мәселесі екендігін, ол егіс аумақтарын диверсификациялаумен, сондай-ақ элеваторлардың сақтау күшін арттырумен шешілетінін айту қажет. Сақтау қоймаларының жетіспеушіліктерінен және осындай тығырықтан ешқандай ысырапшылдықсыз елді алып шығу үшін Ауыл шаруашылық министрлігі астық егіс ауданын 300 мың гектарға дейін қысқарту туралы бұрындары ешқашан орын алмаған шешім қабылдады. Сонымен қатар, Үкіметте қазіргі заманғы жаңа элеватор­лардың құрылысына шығынды бекітуге ұмтылуда. Олардың жалпы аумағы бір жарым миллион астықты қосымша сақтауға мүмкіндік береді деп жоспарлауда. Бірақ, бізді мазалап отырған жағдай, бұл жоба енді ғана әзірленуде, ал кезекті астық өнімі күзге қарай піседі және егіс ауданын қысқартқанға қарамастан биыл егілген егістік өнімі өткен жылдан кем түспеуі болжалануда. Қоймаларда ауыспалы қалдықтар сақталуда. Егер қоймалар босатылмаса, биылғы қырмандағы өнімді сақтау оңай болмайды. Жаңа піскен астық іріп-шіріп далада қалу қаупі бар. Сондықтан, атам қазақ айтпақшы «Қысқы азық жазда дайындалады»,– демекші алдымыздағы жаңа орақ кезеңі басталғанша, оны сақтайтын орын әзірлеуді алдын ала ойластырған жөн шығар. «Ас атасын қәдірлемеген аштан өлер»,- деген аталы сөз барын ұмытпайық. Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Аталған мәселені Үкімет отырысында талқылап, оны кешенді шешу жолдары туралы шаралар жөнінде ақпарат және төмендегі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз: 1. Елімізде астық сақталатын орындарының жобалық қуаты қанша (сақтау мүмкіндігі тонналық көрсеткішпен)? 2. 2012 жылғы күзгі егістік жұмыстары нәтижесінде жиналатын астықтың болжамдық мөлшері қанша? Құрметпен, «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракция мүшелері А.Әбілдаев, А.Т.Перуа­шев, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Қазбекова, Е.С.Никитинская, А.С.Рысқали, С.Ө.Сарсенов, А.Ұ. Тұртаев. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуде алға жылжыту қажет Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Республика Үкіметімен Мемлекет Басшысының тапсырмаларын рұқсат беру жүйесін либерализациялау және лицензияланатын қызмет түрлерін қысқарту бөлігінде іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Осы бағыт шын мәнінде өзекті болып тұр және бизнес-қауымдастығының кең қолдауын тапты. Дәл өткен аптада ғана ҚР Парламент Мәжілісі рұқсат беру рәсімдерін 30%-ға қысқартты деп, жария еткен үкіметтің кезекті заң жобасын мақұлдады. Бірақ Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына еліміздің жетекші бизнес-бірлестігінің атынан Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасын қоса алғанда, кәсіпкерлер жүгінуде. Олар лицензияланатындардың тізбесінен бір қызмет түрлерін алып тастағанда уәкілетті мемлекеттік органдар дәл сол қызметке «лицензиялардың» орнына неше түрлі «аттестаттау», «аккредиттеу», «рұқсат беру», «тексеру» және с.с. деп қайта атап, жаңа рұқсат түрлерін іле-шала енгізетін мысалдарды келтіреді. Сонымен, «Лицензиялау туралы» заңынан сәулет және қала құрылысы қызметіндегі сараптау мен инжинирингтік қызметінің лицензиялауы алынып тасталды. Бірақ «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен осы сияқты жұмыстар мен қызметтерді жүргізетін мамандардың міндетті аттестаттауы енгізілді. Басқа сөзбен айтқанда, компанияға бір лицензияның орнына кәсіпкер әр маманға бірнеше аттестат алуы тиіс. Сонымен, мемлекеттік реттеу жойылмайды, тек басқаша аталады, бұл рұқсат беру рәсімдерінің мәнісін өзгертпейді және бизнес үшін жұмысты жеңілдетпейді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда осы нарықта жұмыс істейтін барлық компаниялар ГАСК талабы бойынша мерзімінен бұрын жарамсыз болып танылған лицензияларды тапсырып, міндетті түрде қызметкерлерінің аттестаттауын өткізеді, сөйтіп бұрын лицензияларды алғанда құзыретті мамандар бойынша ұқсас талаптар олармен орындалғаны ескерілмей отыр. Мемлекеттік органдардың бизнеске бұдан сайын күрделі міндеттерді жүктейтін және жаңа рұқсат беру бөгеттерді туындататын заңға тәуелді актілерді жасау фактілері бар. Мәселен, “Қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы” заңында кәсіпорындарды аттестаттаудың 4 түрі алынып тасталды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігімен ұйымдарды аттестаттаудың 9 жаңа түрі бекітілді (өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, оларды қолдануға рұқсат қағазды алу үшін, өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптау жүргізу құқығына; ғимараттардың, құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптау жүргізу құқығына; одан әрі пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін нормативтік пайдалану мерзімінде қызмет еткен техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптау жүргізу құқығына; жаратын жұмыстар саласында сараптама жүргізу құқығына; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қызметкерлерді оқыту құқығына және басқалары). Оның үстіне аттестаттауға талаптар едәуір қатайтылған, бұл бұрын жұмысқа жіберілген кәсіпорындардың қайта аттестаттауын жүргізуге талап етті. Тағы бір мысал: заңнамадан халықаралық жүк автотасымалдаудың лицензиялауы алынып тасталды. Бірақ Көлік және коммуникациялар министрлігімен алынып тасталған лицензияның орнына осы қызмет түріне кәсіпкерді «жіберу карточкасы» деп аталатын енгізілді, бұның сыртында бұрын лицензиялауға жатпайтын басқа бірқатар қызмет түріне лицензиялау енгізілді. «Жіберу карточкасын» алу рәсімінің өзі бұрынғы лицензияға қарағанда қиынырақ болды және шығындарды талап етеді. Сондай мысалдар толып жатыр. Лицензияларды осылайша қысқартудан кім ұтты? Кәсіпкерлер емес екені анық. Қалыптасқан ахуалға талдау жасай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: мемлекеттік органдар «қысқартылатын» рұқсат беруші функциялардың орнына өздері бақылайтын сфераны табандылықпен жаңадан шығарып отырады. Осындай тәжірибе бизнеске әкімшілік қысымды қысқарту туралы Мемлекет Басшысының тапсырмаларына тікелей қарама-қайшы келетін тұтас тенденцияға айналды. Сонымен, бизнесті бопсалау мен бөгет жасау үшін кең сыбайлас жемқорлықтық өріс сақталынады, сондай «қызметтердің» құны ғана өзгереді, бірақ жақсы жағына емес. Және егер де Экономикалық даму және сауда министрлігі өзінің 2012 жылғы 18 мамырдағы хатында лицензиялау түрлерінің кезекті қысқартуымен әкімшілік бөгеттер төмендегенін атап өтсе, практикада кәсіпкерлер үшін бұл өзгертулер бір мағыналы емес. Рұқсат бөгеттерін қалай жаңадан атасаң да – «лицензия» ма, «аттестаттау ма», «жіберу» ме және басқа – бизнеске одан жеңіл болмайды. Жоғарыда баяндалғанды есепке ала отырып, бизнесті жүргізу үшін рұқсат құжаттарын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастырудан басқа, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы жаңа рұқсат беру және бюрократиялық рәсімдерді жасайтын нормативтік актілердің қабылдауына, олар қандайда бір атауларды жамылса да, мораторий енгізуді ұсынады. Сонымен қатар біз Мемлекет басшысының еліміздің кәсіпкерлерімен кездесу барысында айтылған Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының ұқсас ұсынысын қолдаймыз. Дамыған экономикалар тәжірибесі рұқсат беру рәсімдерін теникалық реттеу жүйесімен, ұйымдар стандарттарымен және жауапкершілікті сақтандырумен ауыстырудың тиімділігі туралы айғақтайды. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудегі дәл осы бағытпен алға жылжу қажет деп санаймыз. Құрметпен, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекішісі, Мәжіліс депутаты А.Перуашев. «Ақ жол» ҚДП Фракциясының мүшелері, депутаттар: Е.Никитинская, А.Әбілдаев, А.Рысқали, М.Қазбекова, А.Тұртаев, Н.Жазылбеков.