Әміржан Қосанов еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарымен кездесті
2019 ж. 13 мамыр
3768
2
Мамырдың 11-күні ҚР кезектен тыс Президенті сайлауына «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған кандидат Әміржан Қосановтың республикалық штабының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласына барды.
Онда ҚР президенттігіне кандидат жергілікті тұрғындармен кездесті.
Штаб өкілдері батыр Баян мен Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне барды. Тұрғындармен кездесуде кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттарымен таныстырды.
Сондай-ақ ол солтүстік өңір тұрғындарының сауалдарына жауап берді.