Елордаға FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді
2019 ж. 02 мамыр
1972
0

Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы ең бірінші рейсін орындады. Бүгін компания ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
- Жаңа ғана Нұр-Сұлтан қаласына FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді, - деп жазды Азаматтық авиация комитеті Телеграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы 1 мамырдан бастап әуе қатынасын орындай бастайтынын жазған болатынбыз.