ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ
2019 ж. 24 сәуір
2576
0
Дүние дүбірге толы. Жүздеген мемлекеттер мекен ететін жұмыр жер бетінде неше түрлі жаңалықтар орын алып жатады. Өкінішке орай, жақсы жетістіктермен қатар жаман жаңалықтар жетіп артылады. Бірқатар жерлерде соғыс оты тұтанып, адамдар азап шегіп жатқаны белгілі. Соған қарап еліміздегі бейбіт өмірімізге, саяси тұрақталыққа тәуба дейміз.
Еліміздің оңтүстік өңірі саны жағынан халық ең тығыз қоныстанған өңір. Халқының саны ғана емес, жүздеген ұлт өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп, аймақтың өркендеуіне әрқайсысы өз үлестерін қосып жатқаны да белгілі. Бір ата-ананың балаларындай қоян-қолтық еңбек етіп, ұрпақтаырын тәрбиелеп өсіруде. Соның бәрі елдегі саяси, әлеуметтік жағдайында тұрақтылықтың арқасында болып жатқанын түсіне білуіміз қажет. Осы орайда ордалы отырыстардың бірінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы
төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов еліміздегі тұрақтылықтың негізінде халықтың әл-ауқаты жақсарып келе жатқанын баса айтты «Дана халқымыз: «Бақ бағалағанның басында тұрады», дейді. Біз осы қанатты сөздің мәнін терең түсінуге міндеттіміз. Қазір ашық әлемде өмір сүрудеміз. Айналамызда не болып жатқанын баршамыз біліп, көріп, оқып отырмыз. Қазір қоғамды түрлі түсінігі бар азаматтар кездеседі. Түптеп келгенде Қазақстан халқы Ассамблеясы ең алдымен мемлекеттегі тұрақтылыққа ықпал етіп отыр. Сол арқылы адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнығатынын біз бағалай білуміз керек»,- деді ол. Мұратәлі Қалмұратов бүгіндер бір-бірімен ортақ тіл таба алмай, араздасып жүрген елдер қаншама. Тіпті, тілі, діні, ділі ортақ халықтардың арасында да тіл табыса алмай, қырқысып жатқандары бар екенін еске салды. Ал біздің байтақ еліміздегі барлық этнос өкілдері бірлікті көздің қарашығындай сақтай білгенімізд, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосып келе жатқанын мақтанышпен жеткізді.
Ержан МҮТӘЛІП,
qazaquni.kz