АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жас қазақ» ТГР ЖШС - «Жас қазақ үні» қоғамдық-саяси апталық газетінде (бұдан әрі – Редакция) 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленген кезектен тыс сайлауға қатысуға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімін ұсынған және тіркеген саяси пар­тиялардың «Жас қазақ үні» газеті бетінде сайлауалды үгіт материалдарын орна­ластыру үшін баспа көлемін беруге қойған көлемі, тәртібі және жалпы шарттары.

Газет көлемін берудің жалпы шарттары Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімін ұсынған және тіркеген саяси партияларға (бұдан әрі – саяси партиялар), редакция мақалалар және үлгілер түріндегі сайлауалды үгіт ма­териалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдарын) орналастыру үшін газеттен орын береді. Үгіт материалдарының мәтіндерін саяси партиялардың өздері әзірлейді. Үгіт материалын жариялауы үшін саяси партиялардың өкілетті өкілдеріне мыналар қажет: 1. Редакцияға төмендегідей ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады: 1) Жазбаша мәлімдеменің күні мен уақыты; 2) Жазбаша мәлімдеме жасаған өкілетті өкілдің аты-жөні; 3) Газет бетінен алатын жоспарланған көлемі; 2. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс: 1) Партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) Партиялық тізімді ұсынғандығын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) Саяси партияның өкілетті өкілінің өкілеттілігін растайтын құжатының көшірмесі; 4) Үгіт материалы мәтінінің мәнін қа­ғаз және электрондық тасымалдағышта ашу; 5) өтініш берушінің, саяси партияның өкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 3. Редакциямен шарт жасасу. Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі 2011 жылдың 26 қарашасынан бастап сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері жазбаша мәлімдемелер қабылданады және шарт жасалады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Жазбаша мәлімдемелерді қабылдаудың соңғы күні – 2012 жылдың 12 қаңтары. Үгіт материалдарын жария­лаудың соңғы күні – 2012 жылдың 14 қаңтары. Редакция саяси партиялардан мәтіндердің және үлгілердің түсу ретіне қарай үгіт материалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Саяси партиялар үгіт материалдарын одан әрі жариялауды Редакциямен уағдаластық бойынша жүзеге асырады. Бірнеше саяси партиялардан/өкілетті өкілдерден бір мезгілде мәлімдемелер түскен жағдайда Редакция сол күні жеребе тастауды жүргізеді. Жеребе тастауға бас­па материалдарын орналастырудың кезек­тілігіне талас білдіруші саяси партиялар немесе саяси партияның мүддесіне өкілдік ететін өкілетті өкіл және талас білдірудің тәуел­сіз тарабы ретінде Редакция өкілі қатысады. Редакция үгіт материалдарын жариялауды Редакцияның есеп-айырысу шотына жарияланымдар құнының 100 пайыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүр­гізетін болады. Редакция «Жас қазақ үні» газетінің бет­терінде үгіт материалдарын орналас­тыру орнын дербес айқындайды. Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалдарының мәтіндерін және үлгілерін жоспарланған жарияланым күнінен екі күн бұрын Редакцияның жарнама бөліміне тапсырады. Мәтіндер саяси партияның уәкілетті өкілінің қолы қойылған баспа нұсқасында тапсырылуы және электрондық тасымалдағышта қайталануы қажет. Мәтіндердің баспа нұсқалары берілген күні және уақыты көрсетіліп, тіркеу нөмірімен екі данада тапсырылады. Сондай-ақ, үгіт материалында бейнелері пай­даланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаты қосымша беріледі (қайтыс болған жағ­дайда – олардың мұрагерлерінің жазбаша рұқсаты). Редакцияның жарнама бөлімінің қызметкерлері баспа нұсқасын қабылдау кезінде қабылдағаны туралы белгі қояды, қабылданған күнін, уақытын көрсетеді және мәтіннің екі данасында да лауазымын және тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, өзінің қолын қояды. Мәтіннің бір данасы жарнама бөлімінде қалдырылады да, екінші данасы оны тапсырған тұлғаға қайтарылады. «Жас қазақ үні» газетінде үгіт материалдары жарияланған кезде «Сайлау-2012» айдарымен орналастырылатын болады. Егер конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары жария етілсе, респуб­ликаның тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңнамаларда қарасты­рылмаған әскерилендірілген құрылымдарды құру және «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарында қарастырылған өзге де негіздерде, газет үгіт баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Редакция басқа тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттары бар үгіт мате­риалдарын жариялаудан бас тартады. Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалының жарияланым құнының 100 пайызын материалды жариялау күніне дейін екі күннен кешіктірмей төмендегідей баға бойынша төлейді: - мақала – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 1 000 (бір мың) теңге; - модуль – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 800 (сегіз жүз) теңге; - түрлі-түсті модуль – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 2 000 (екі мың) теңге; Қызмет құнына 12% ҚҚС қосылған. Көлемінің үлкендігі және жиілігіне қарай 10-20 пайыз жеңілдіктер қолда­ны­лады . Төлемақы Редакция ұсынған есепшот негізінде жүргізіледі. Төлемақы шартқа сәйкес көрсетілген деректемелер бойынша Редакцияның есеп айырысу шотына төленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үгіт материалдарын жариялау шарттары бойынша нормативтік құ­қықтық актілерін қабылдаған жағдайда, сәйкес актілердің нормалары қолданыста болады.

www.qazaquni.kz E-mail: zhas_kazakh@mail.ru qazaquni@gmail.com 8 (727) 398-57-31