Жергілікті жерде латын әліпбиін үйрететін білікті тренерлер дайындалады
2019 ж. 18 сәуір
2547
0
18-19 сәуір күндері Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық шара латын негізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар ұйымдастырады.
Дәріс-семинар барысында латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау көзделеді.
Тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.
Дәріс-семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері қатысып 12 сағаттық курстан өтеді. Тыңдаушыларға арнайы сертификат табыс етіледі.