Алматы қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
2019 ж. 16 сәуір
2558
0
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі Әлібек Әлденей Алматының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Алматы» телеарнасын басқарды.
Осы уақыт ішінде компания айналымы 3 есе өсті. Телеарна алғаш рет оң қаржылық нәтиже көрсете бастады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша TNS Gallup Media Asia мәліметтеріне сәйкес телеарнаның Алматы бойынша көрермендер аудиториясы 1,5 миллионға жетсе, Қазақстан бойынша Алматы арнасын 5,5 млн адам көреді. «Алматы» арнасы ел телеарналарының рейтингі бойынша алдыңғы ондыққа енді.
Басқарманың жаңа басшысының алдында тиімді ықпал ету мен азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту арқылы тұрғындардың қоғамдық өтініштеріне дер кезінде үн қату жүйесін жетілдіру, кері байланыстың озық практикасын дамыта отырып, қоғамды кеңінен тарту деңгейін арттыру және консультативті-кеңес беру тұғырнамасын жетілдіру сияқты міндеттер тұр.