Құрметті ҚР Президенттігіне үміткер!
2019 ж. 12 сәуір
3387
0
Республикалық қоғамдық-саяси апталық газет «Қазақ үні» мемлекеттік тапсырысты абыроймен орындап келе жатқан еліміздегі белгілі басылым.
Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда» біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыңдар» десе, «Қазақ әдебиеті» газеті: «Қазақ үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды.
Қазір «Қазақ үні» – бар қазақ үніне айналды.
Оқылымы жағынан қазақ сайттарының ішінде ең алдыңғы орында тұратын, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жариялаған «ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ САЙТ» байқауының жеңімпазы www.qazaquni.kz ақпараттық порталымыз қазір еліміздегі ең ықпалды сайтқа айналды.
Елбасы саясатын қолдап, ел мұңын мұңдаған «Қазақ үні» газетінің басты мақсаты – мемлекет пен ұлт мүддесін қорғау болып келеді. Ұлт ұранымен уызданған, ұлттық қаны ойнаған қайсар қайраткерлерді, ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтарымызды қолдау да – басты назарымызда.
Сол себепті, «Қазақ үні» газеті Сіздердің сайлау алды үгіт-насихат жүргізуге қабілетті де сенімді серіктес бола біледі.
Газетке А3 көлемінде ақпарат орналастыру бағасы 1100000 (бір миллион бір жүз мың) болады.
Әр қазаққа өз бағдарламаңызды жеткізгіңіз келсе, ақпараттық серіктестікке «Қазақ үні» газетін таңдаңыз.
Хабарласу үшін 8 701-750-04-21
qazaquni.kz